Тоқаев елдегі христиандарды Пасха мейрамымен құттықтады

2442
Фотосурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі христиан дінін ұстанатын азаматтарды Пасха мейрамымен құттықтады. Президенттің құттықтауы Ақорда сайтында жарияланды.

Президент бұл жарқын мейрамның рухани жаңғыру мен тазаруды бейнелейтінін атап өтіп, Пасха адамдарға үміт пен қуаныш сыйлайтынын айтты. Сонымен қатар, ол биылғы жылы православ, католик және протестант қауымының Пасханы бір күнде атап өтіп жатқанының символдық мәніне ерекше тоқталды.

«Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді» Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент христиан дінінің де еліміздің рухани өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, ежелден келе жатқан пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтау мен халықтың ауызбіршілігін нығайтуда маңызды орын алады.

«Пасха дәстүрлері азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақырады. Жалпыұлттық бірлік, этнос пен конфессиялар арасындағы өзара түсіністік – еліміздің тұрақты даму кепілі» Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев барша азаматтарға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тіледі. Ол Пасха мейрамы әрбір шаңыраққа шаттық пен махаббат әкелсін деген ізгі тілегін білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -