Астанада қараусыз қалған жануарларды есепке алу: бақылауды жаңғырту

1166
Фотосурет: Gov

Елордада қаңғыбас жануарларды ұстап, уақытша асырауды ұйымдастырумен қаланың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы айналысады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл жұмыс олардың санын реттеу мақсатында жүргізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Аулау жұмысы торларды, тұзақ торларын және өзге де құралдарды қолдана отырып, гуманды тәсілдермен жүзеге асырылады, бұл аулау кезінде жануардың өлімін болдырмайды.

Ұсталған иттер мен мысықтар міндетті түрде чиптеледі және «Tanba» үй жануарларын есепке алудың бірыңғай дерекқорында тіркеледі, осыдан кейін олар питомникке жіберіледі. 2024 жылы 9000 қаңғыбас жануар чиптелді.

Қала аумағындағы иттердің санын есепке алу мен бақылауды жақсарту үшін 2025 жылы иттерді тегін чиптеу жобасы іске қосылды. Бұл жоба жануарлардың нақты есебін жүргізуге мүмкіндік береді, сол сияқты олардың санын бақылауды арттырады және әкімшілік жауапкершілікке тарту арқылы тәртіпке ықпал етеді.

Жануарларды чиптеу мынандай мүмкіндік береді:
- Чип арқылы ақпаратты онлайн режимінде санау;
- Асыл тұқымды үй жануарын ұрлаудың алдын алу, иесінің үй жануарларына құқығын растауын қамтамасыз ету;
- Вакцинация, дегельминтизация және зарарсыздандыру туралы ақпарат енгізу.

2025 жылы кәсіпорын қараусыз қалған жануарларды есепке алу және чиптеу жұмысы аясында қаланың бірнеше ауданында аулаларды аралап шықты. Аралау барысында иттер тіркеліп, чиптелді, бұл қаңғыбас жануарлардың санын назарда ұстауды жақсартуға және иелерінің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -