2025 жылғы наурызда Қазақстандағы тұтынушылық сенімділік ішінара қалпына келді, бірақ әлі де теріс нәтиже көрсетуде, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылғы наурызда Қазақстанда тұтынушылық сенімділік индексі 93-тармақтан 95,3-тармаққа дейін өсіп, осы уақытқа дейін жүргізілген бүкіл зерттеу кезеңінде болған ең төмен мәннен сәл қалпына келді. Алайда жалпы алғанда, теріс жауаптар, оның ішінде экономикалық жағдайға қатысты болжамда оң жауаптарға қарағанда әлі де басым тұр.
Ірі сауда жасау үшін қолайлы жағдайды бағалаудың қосалқы индексі ақпан айындағы индекспен салыстырғанда 7,2 тармаққа өсіп, 73,2 тармаққа жетті. Қосалқы индекс қаңтар айындағы күрт құлдыраудан кейін толығымен қалпына келтірілді деуге болады. Ірі сауда жасау үшін қазіргі жағдайларды қолайлы деп санайтын қазақстандықтардың үлесі 25,9%-дан 27,6%-ға дейін өсті.
Өңірлер бойынша, 14 облыста ғана жақсы нәтиже байқалады. Теріс жауаптардың үлесі Ұлытау (10,6-пайыздық тармақтан астам), Абай (8 пайыздық тармақтан астам) және Шығыс Қазақстан (7,6 пайыздық тармақтан астам) облыстарында айтарлықтай өсті. Атырау, Алматы, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы тұрғындардың көңіл-күйлерінің айтарлықтай жақсы екені байқалады.
Соңғы 12 айда жеке материалдық жағдайда болған өзгерістердің қосалқы индексі де айтарлықтай қалпына келді, осы уақытқа дейін жүргізілген барлық зерттеу кезінде ақпан айында болған ең төмен деңгейден кейін 5 тармаққа өсті.
Өңірлік жоспарда экономикалық жағдайдың өзгеруінің болжамдары бойынша оптимизмнің төмендеуі 20 облыстың 14-інде байқалады. Ең үлкен «тосынсый» Ұлытау облысында байқалады, онда оң жауаптардың үлесі 60,7%-дан 32,7%-ға дейін күрт төмендеді. Алдағы жылда экономиканың жақсаруын болжау мәселесінде позитивтің күрт өсуі Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында байқалады.
Наурыз айында Қазақстан тұрғындарының инфляциялық бағалары төрт ай қатарынан үздіксіз өскеннен кейін төмендеп, биыл үздік көрсеткіш болды. Өткен айдың деңгейінде сауалнамаға қатысқандардың 50,6%-ы (ақпан айында 55,1%-ды құрады) бағалардың қатты өскенін көрсетті.
Ал бірақ қазақстандықтардың инфляциялық болжамы жалпы алғанда инфляциялық бағалауға қарағанда аз өсті. Бір айдың деңгейінде бағалардың қатты өсуін күтіп жүрген адамдардың үлесі 24,5%-дан 27,9%-ға дейін өсті, ал келесі 12 айдың деңгейінде бағалардың жылдам өсуін күтіп жүргендердің үлесі ақпан айының бұрынғы деңгейінде қалды, яғни 25,5%-ды құрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инфляциялық бағалаулар мен күтулер бойынша осыған ұқсас зерттеуі наурыз айында оптимизмнің, әсіресе күтулердің бір бөлігі бойынша айтарлықтай өскенін көрсетеді. Ұсынылған деректерге сәйкес, бір жыл ішінде бағалардың қатты өсуін күтіп жүргендердің үлесі 29%-дан 26,1%-ға дейін төмендеді. Ал бір айдың деңгейінде ұқсас көрсеткіш 29,2%-дан 22,5%-ға дейін күрт төмендеді. Жалпы алғанда, екі уақыт деңгейінде де төртінші ай қатарынан негізгі көрсеткіштің тербелісі орын алуда: көрсеткіш өскеннен кейін төмендеуі байқалуда және бұл процесс қайталанады.
Жекелеген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың қатты өсуіне байланысты алаңдаушылыққа қатысты жауаптар құрылымын өзгерту үрдісі жалғасуда. Бірінші орында - «Ет, құс» санаты. Бұл тауарды сауалнамаға қатысқан халықтың 57%-ы таңдады, ал ақпан айында оның көрсеткіші 54,3%-ды құраған еді, бұл жағдай бүкіл зерттеу уақытындағы рекордтық жаңарту болып саналады. Сонымен бірге, халықтың көкөністер мен жемістердің бағаларының көтерілуіне қатысты алаңдаушылығы жалғасуда. Аталған санаттағы тауарлар бойынша бағалардың қатты өскенін байқаған адамдардың үлесі 51,3%-ды құрады, бұл қаңтар айындағы рекордтық мәннен 1,5 пайыздық тармаққа ғана төмен. Сондай-ақ, алтыншы орынға жайғасқан «Медикаменттер мен дәрі-дәрмектер» санатындағы азық-түлік емес тауарларды атап өтеміз.
Қазақстандықтардың девальвациялық болжамы наурыз айында айтарлықтай нашарлап, осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеудің барлық уақытында жаңа рекордқа қол жеткізді. Бір жыл деңгейінде теңгенің әлсіреуін күтіп жүрген қазақстандықтардың үлесі 59,4%-дан 65,1%-ға дейін өсті. Ал айдың деңгейінде ол 40,4%-дан 47,8%-ға дейін айтарлықтай өсті.
«2025 жылғы наурыз қазақстандықтардың тұтынушылық сенімділігіне қатысты қатарынан екі ай төмендегеннен кейін қалпына келтірілді. Дегенмен, индекс 100 тармақтан төмен болып қалуда, бұл теріс жауаптардың оң жауаптарға қарағанда басым екенін көрсетеді. Жалпы алғанда, қазақстандықтар өздерінің жеке материалдық жағдайына қарағанда экономикалық жағдайдың болашағы мен бағалауына әлі де қатты алаңдайды. Наурыз айында инфляциялық бағалау мен күту серпіні неғұрлым оң болды, себебі инфляциялық бағалау қатарынан төрт ай өскеннен кейін алғаш рет төмендеді. Қазақстандықтардың көбі ақылы көрсетілетін қызметтер бағасының қатты өскенін байқай бастады. Сонымен қатар инфляциялық болжам наурыз айында айтарлықтай өсті. Зерттеу барысында адамдардың көбі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деңгейде доллар бағамының өсетінін бұрын-соңды күткен емес» Данияр Оразбаев, Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы
Талдаушылар Қазақстанда ай сайын 3 600 сауалнама жинап отырады, бұл жағдай әр түрлі параметрлерді бағалау үшін жеткілікті түрде іріктеме жасайды. Зерттеулер әлемнің көптеген елінде тұтынушылардың сенімділік индекстерін алу үшін қолданылатын және United Research Technologies Group компаниясы жергілікті міндеттерге бейімдеген әдіснамаға негізделеді. Деректерді жинау әдісі – телефон арқылы сауалнама жүргізу. Сауалнама сұрақтары ыңғайлы - зерттеу респонденттердің ана тілінде жүргізіледі.