«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров кәсіпкерлермен кезекті кездесу өткізіп, оған облыс әкімі, құқық қорғау, мемлекеттік органдар басшылары мен бизнес-қауымдастық қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Іс-шарада прокуратураның бизнесті қорғау бойынша жұмысы баяндалып, кәсіпкерлердің мәселелері талқыланды.
Ағымдағы жылы қабылданған шаралар нәтижесінде 1400-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалып, 24 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды.
Кәсіпкерге тиесілі 100 млн теңгеден астам қайтарылды.
Жалпы ел экономикасына үлесі 568 млрд теңгені құрайтын 12 инвестордың проблемалық мәселелер шешілді.
590-нан астам кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде заңсыз тексерулердің алдын алды.
Мысалы, «Прокурорлық сүзгі» жобасы аясында уәкілетті органның «Марал-Нұр» ЖШС-не қатысты жер учаскелерінің мәжбүрлеп алып қою туралы талап қою арызы келісуден бас тартылды.
Сонымен қатар, қабылданған шаралардың нәтижесінде инвестордың көрсетілген жер учаскесіне қойылған шектеулер алынып тасталды.
Ағымдағы жылдың 3 айында прокуратураның мобильді тобына 20-ға жуық сигнал келіп түсті, оның 5-і расталды.
Олар бойынша прокурорлық ден қою шаралары қабылданды.
Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жұмыстары ерекше бақылауда.