БізSmart Data Ukimet (SDU) командасының екі бірдей жобасы WSIS Prizes 2025 халықаралық беделді сыйлығының финалдық кезеңіне өтткенін мақтанышпен хабарлаймыз, деп хабарлайды DKnews.kz.
- Digital Family Card (Цифрлық отбасы картасы) – отбасы жағдайын бағалауға арналған скорингтік модель. Барлық отбасыларды бес категорияға бөліп, мемлекеттік қолдауды қажет ететін отбасыларды анықтауға көмектеседі.Номинациясы: AL C1. The role of governments and all stakeholders in the promotion of ICTs for development
- Family Prosperity Hub (Отбасылық әл-ауқатты бағалау жүйесі) – кез келген өңірлік деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірліктің әл-ауқатын бағалау моделі. Жасанды интеллект арқылы қай аймақта қанша отбасы көмекке мұқтаж екенін анықтап, ең тиімді қолдау стратегиясын ұсынады. Номинациясы: AL C7. E-Government
Бұл екі жоба әлемнің түкпір-түкпірінен түскен 1000-ға жуық өтінімнің арасынан үздік бастамалар қатарына кірді! Қазір қоғамдық дауыс беру кезеңі жүріп жатыр және ол 30 сәуірге дейін жалғасады.
Сіздің даусыңыз – Қазақстанның цифрлық болашағына қосқан үлесіңіз!
Дауыс беру сілтемесі: https://www.itu.int/net4/wsis/stocktaking/Prizes/2025/Vote
- AL C1. ICTs for development санатында – Digital Family Card таңдаңыз
- AL C7. E-Government санатында – Family Prosperity Hub таңдаңыз
Немесе бейнедегі QR-кодты сканерлеңіз:
Қолдауларыңызға алғысымызды білдіреміз! Қазақстанның цифрлық болашағын бірге қалыптастырайық!