Бауырсақ — Қазақстан халқының достығының символы

1485
Фотосурет: Аstana akimdigi

Астанада Бірлік күніне орай ерекше акция өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алматы ауданына қарасты «Жастар» саябағында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бауырсақ біріктіреді» акциясы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған іс-шара «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бастамасымен жүзеге асты. Мерекеге орай волонтёрлер тұрғындарға 15 килограмм бауырсақ таратты.

Акцияның мақсаты — Қазақстанда тұратын барлық этностар арасындағы достық пен бірлікті еске салу.

«Адамдар тоқтап, күлімдеп, алғысын айтып жатты. Бірі балаларымен келді, енді бірі балалық шағы мен туған үйін еске алды. Біз жай ғана бауырсақ таратқан жоқпыз — жылылық пен өзара құрметке толы атмосфера орнаттық», — деді волонтёр Дана Такенова.

Айта кетейік, 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Осы атаулы мерекеге орай елордада түрлі мәдени және спорттық шаралар — зияткерлік викториналар мен көрмелерден бастап, концерттер мен жүгіру марафондарына дейін өткізіліп жатыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -