Сақтандыру саласында төлем рәсімдеу процестері Қазақстанда түбегейлі өзгеріске ұшырап жатыр. Бұл өзгерістердің алдыңғы қатарында Freedom Insurance компаниясы тұр. Компания сақтандыру төлемдерін барынша тез, қауіпсіз әрі тиімді рәсімдеуге мүмкіндік беретін DTP.kz платформасын енгізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Аталған сервис арқылы сақтандыру жағдайы бойынша өтініш беру орта есеппен небәрі 15 минут уақыт алады. Бұл бұрынғы 1–5 жұмыс күніне дейінгі мерзіммен салыстырғанда әлдеқайда жылдам. Ең жылдам рәсімделген сақтандыру төлемі 2 сағаттың ішінде клиенттің шотына түскен.
ЕРАП пен Sergek: сенімді интеграция
DTP.kz платформасының тиімділігі оның мемлекеттік және жергілікті цифрлық жүйелермен тығыз байланыста жұмыс істеуінде. Атап айтқанда:
- ӘҚББТ (Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі),
- Sergek қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесімен интеграция.
Бұл байланыстар сақтандыру компаниясына жол-көлік оқиғалары туралы деректерді автоматты түрде алуға, өтініштерді өңдеуді жеделдетуге және алаяқтық фактілерін дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көлік құралдарын онлайн режимде тексеріп, бағалау тетігі іске қосылған. Бұл тәсіл клиенттердің уақытын үнемдеп, сақтандыру төлемін алуды жеңілдетеді.
Еурохаттама арқылы өтініштер саны артып келеді
Цифрлық сервистердің бірі — Еурохаттама жүйесі де айтарлықтай қарқын алып келеді. Бұл – полицияны шақырмай-ақ, жеңіл жол-көлік оқиғаларын ресімдеуге арналған механизм.
Егер 2024 жылы бұл жүйе бойынша 2 845 өтініш қабылданса, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 2 217-ге жеткен. Яғни, жыл басынан-ақ өткен жылдағы нәтижеге теңесіп отыр.
Астана – цифрлық қызметтің көшбасшысы
DTP.kz сервисінің нарықтағы үлесі де айтарлықтай артты. Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 2,8%-дан 29,1%-ға дейін өскен. Әсіресе Астана қаласы – айқын көшбасшы. Мұнда пайдалану көрсеткіші 23,3%-дан 82,5%-ға дейін артты, бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш.
Қаржылық тиімділік пен үнем
Цифрлық шешімдер компанияның ішкі шығындарын азайтуға да мүмкіндік берді. Freedom Insurance деректеріне сүйенсек, әрбір төлем процесінде орта есеппен 21 000 теңге үнемделген. Бұл – қызмет көрсету шығындарының, қағазбастылық пен адами факторға тәуелділіктің қысқаруының нәтижесі.
Тұтынушы сенімі мен нарықтағы орны
Компанияның деректері бойынша, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы әрбір екінші сақтанушы КҚИ АҚЖС (көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру) полисін ресімдеу үшін Freedom Insurance компаниясын таңдаған.
2024 жылғы сақтандыру компанияларының ұлттық рейтингінде компания 5-орынға жайғасқан. Ал биылғы жылы рейтингте жоғары көтерілу – компанияның басты мақсаттарының бірі.