Қазақстандағы әрбір үшінші бөлшек сауда теңгесі – Алматыдан

3267
Фотосурет: DKnews

Қазақстандағы бөлшек сауданың үштен бірінен астамы Алматыда шоғырланған, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылдың қаңтар-наурыз айында Алматыдағы бөлшек сауда көлемі 1,4 трлн теңге болды. Қаладағы бөлшек тауар айналымының республикалық көлемдегі үлесі – 31,6%. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

Олардың мәліметінше, аталған кезеңде азық-түлік тауарларының сату көлемі 303,6 млрд теңгеге (үлесі – 21%), ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,1 трлн теңгеге (үлесі – 79%) жеткен.

2025 жылы наурызда бөлшек сауда тауар айналымының көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда салыстырмалы бағамен 23%-ға артқан (571,2 млрд теңге). Сондай-ақ, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша да 15,3%-ға өсім байқалды, деп атап өтті қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -