Отан қорғаушылар күні: 7 мамырда Астанада үлкен әскери шеруге болады

6358
Фотосурет: Gov

Астанада 2025 жылдың 7 мамыры күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған ауқымды әскери шеру өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шеруге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, соғыс іс-қимылдарының ардагерлері, ҚР Қарулы Күштері үздік бөлімшелерінің, құрметті қарауыл ротасының, ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының және т.б. ардагерлері шақырылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қаладағы үш орыннан тікелей трансляция ұйымдастырылады:

  1. ЕХРО аумағы (Түркістан және Ақмешіт көшелері жағынан кіру);
  2. Қалалық алаң (Астана қаласы әкімдігі ғимаратының алдында);
  3. Б. Момышұлы даңғылы, 1 мекенжайындағы «Astana Music Hall» тұрақ аумағы (Құмыра).

Шеру аяқталғаннан кейін сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін осы үш алаңда эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Сонымен қатар, іс-шара республикалық телеарналардан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Мына өзгерістерге назар аудару қажет:

  • Шеру өтетін ауданда көлік қозғалысы шектеледі.
  • Қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлап, өзгерістерді ескеру қажет.
  • Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтауды сұраймыз.
  • Аталған учаскелер арқылы өту және жол жүру іс-шаралар толықтай аяқталғаннан кейін қайта жанданады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -