Автожолдарды жөндеу: Астанада Абылай хан даңғылының учаскесі уақытша жабылды

1276
Фотосурет: depositphotos.com

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Манас көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Суретті түсірген: Gov

Осыған байланысты, 3-9 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша бір бағытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -