Тоқаев Рим Папасы Лев XIV-ті Апостол тағына сайлануымен құттықтады

1727
Фотосурет: Аkorda

Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Левті Қазақстан халқының атынан құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сізді Киелі Тақ иесі етіп сайлау арқылы Католик шіркеуі халықаралық ахуал күрделі кезеңде бейбітшілік пен тұрақтылықты дәріптеу ісінде маңызды рөл атқара беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент әртүрлі діни наным өкілдері мекен ететін Қазақстанға Рим Папасы екі мәрте сапармен келгеніне назар аударып, халықтар достығын, дінаралық сенім мен ынтымақты нығайтуға бағытталған ортақ күш-жігерді еліміздің әрдайым қолдайтынын жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -