Қазақстандық спортшы кәсіби мансабындағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді

3564
Фотосурет: UFC

Канадада Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі UFC 315 жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшісі аға лейтенант Бекзат Алмахан сәтті өнер көрсетті.

Канадалық спортшымен болған жекпе-жекте Бекзат Алмахан 33 жастағы Брэд Катонды техникалық нокаутпен жеңді. Үш раундқа жоспарланған жеңіл салмақтағы кездесу небәрі 64 секундта Алмаханның пайдасына  шешілді.

Бекзат Алмахан өзіне сеніп артып, қолдау білдірген барша жанкүйерлерге алғысын жеткізді.

 Спорт және туризм академиясының түлегі, 27 жастағы Бекзат Алмахан — ұлттық жекпе-жек түрлерінен Азия және әлем чемпионы. Қазір оның есебінде 12 жеңіс пен 2 жеңіліс бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -