GPT чатын пайдалануға тыйым салынды деген ақпаратқа байланысты келесіні нақтылаймыз, деп хабарлайды DKnews.kz.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік органдардың сезімтал деректерін қорғау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы жұмыс шеңберінде 2024 жылы мемлекеттік секторда жасанды интеллект (AI) қолдану бойынша ұсыну сипаттағы басшылық құжат бекітілді. Құжат AI технологияларын пайдалану кезінде киберқауіпсіздікті арттыруды мақсат етеді.
Құжат ChatGPT қоса алғанда, шетелдік AI қызметтерін пайдалануға тыйым салмайды, бірақ ықтимал тәуекелдер туралы ескертеді, әсіресе жеке деректермен, қызметтік немесе жабық ақпаратпен жұмыс істегенде мұқият болған жөн. Сонымен қатар, министрлік отандық AI шешімдерін елімізде белсенді түрде дамытып, енгізіп жатыр.
Мысалы, мемлекеттік органдар пайдаланатын және қорғалған ортада жұмыс істейтін жабық желіде (ЕТС) және Ұлттық жасанды интеллект платформасында келесі негізгі құралдар қолжетімді: қазақ және орыс тілдеріне аудармашы, заңнама бойынша AI-көмекші, сондай-ақ сұранысқа жауап беріп, талдамалық материалдар жасай алатын үлкен тілдік модель (LLM).