Мүлікті бағалау экономиканың көптеген саласында шешуші рөл атқарады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жылжымайтын мүліктің құны, несиелеу шарттары және сақтандыру төлемдерінің мөлшері сияқты маңызды өлшемдер кәсіби бағалаушылардың қызметі мен әділдігіне тікелей байланысты. Әсіресе сараптамалық бағалау нәтижелеріне құрылыста, сот тәжірибесінде, мемлекеттік сатып алу, жекешелендіру және корпоративті қаржы саласында сұраныс жоғары. Бұл тұрғыда мемлекеттің басымдыққа ие міндеттерінің бірі бағалау қызметінің стандарттарын реттеу әрі оларды халықаралық тәжірибеге сай үйлестіру болып саналады.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылдың 11 желтоқсанындағы «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін көрсетілетін қызметтер секторларының (кіші секторларының) тізбесіне өзгерістер енгізу туралы» №19 шешіміне (бұдан әрі – ЖЕЭК №19 шешімі) сәйкес мүлікті бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығы Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - ЕАЭО) мүше мемлекеттер үшін 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет істейтін болады.
ЕАЭО шеңберінде мүлікті бағалау жөніндегі қызметтердің бірыңғай нарығын құру үшін одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына ЖЕЭК-тің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 23 шешімімен бекітілген ҚБН жұмыс істеуі шеңберінде бағалау қызметін жүзеге асыру шарттарына жалпы тәсілдерге (бұдан әрі-жалпы тәсілдер) сәйкес өзгерістер енгізу шарт.
Жалпы тәсілдер бір органының бағалаушыларын кез келген басқа тарапта қызметтің басталғаны туралы хабардар етіп, басқа органдардың кез келген тарапта бағалау жүргізуге ниетті бағалаушылар тізімін жүргізу мен бақылау функцияларын жүзеге асыруды, сондай-ақ құзыретті органның өтініштерін (шағымдарды) қарауын және т. б. қарастырады.
Бұған қоса жалпы тәсілдермен тиісті нысандарға қатысты мүлікті бағалауды жүргізуге құқық беретін рұқсаттарды көрсете отырып, мүлікті бағалау нысандарының салыстырмалы тізбесін ескеріп, мүлікті бағалау жөніндегі қызметтерді жеткізуге байланысты кез келген мүше мемлекеттегі қызмет көрсетушінің құқығы қарастырылады.
Осыған байланысты ҚР Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңға енгізілетін түзетулерді әзірледі.
Мүлікті бағалау жөніндегі қызметтердің бірыңғай нарығын құру отандық мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер беріп, азаматтар мен бизнес үшін бағалау қызметтеріне жол ашып, сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттерінің (Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей) нарығына кіруге септігін тигізеді.
Заң жобасы нарықтың ашықтығы мен бақылауды арттыруға бағытталған бағалау қызметін реттеудегі маңызды өзгерістерді қамтиды.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тапсырыс беруші бағалаушы-бейрезидент таңдаған бағалаушылар палатасына Қазақстан Республикасының бағалау қызметі саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда немесе бағалау туралы есепке байланысты ескертулер болған кезде жүгінуге құқылы болады. Тапсырыс берушіге шығын немесе мүлкіне зиян келтірілген жағдайда бейрезидент бағалаушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тиісті шығындарды өтеуге міндетті.
Бұдан басқа бағалаушылар үшін «Бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімнің және (немесе) жоғары техникалық немесе экономикалық білімнің болуы туралы талап енгізіледі. Бұл кәсіби білімі бар мамандардың нарыққа келуін қамтамасыз етіп, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартады.
Бағалаушылар палаталарын (бағалау қызметін жүзеге асырмайтындықтан) қоспағанда, мүліктік жауапкершілік қайта қаралды. Тиісінше келтірілген залалды тікелей бағалаушының өзі өтеуге тиіс.
Тағы бір өзгеріс «бағалаушы» куәлігінің қолданысын тоқтатуды 3 жылдан 1 жылға дейін азайтуды көздейді. Бұл реформа тәртіп тетігін енгізуді сақтап, кемшіліктер жойылғаннан кейін білікті бағалаушыларға жұмысты қайтадан тез қолға алуға септеседі.
Заң жобасының нормаларын енгізу бағалау қызметтерінің сапасын арттыруға, кәсіби тәртіпті нығайтуға және бағалау нарығын реттеудің неғұрлым икемді жүйесін құруға ықпал ететін болады.
Бағалаушылар палатасы – оған мүше субъектілердің бағалау қызметінің сапасын бақылауды жүзеге асыру, бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында құрылған кәсіби қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым.
Қазір Қазақстанда 4 бағалаушылар палатасы жұмыс істеп келеді. Олардың әрқайсысында 300 астам мүше бар, барлық бағалаушы – 1702.