Байланыс – әскердің сенімді тірегі

1188
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Қай кезеңде болмасын, байланыс – әскердің басты арқауы, бесқарудың темірқазығы.

Әскери құрылымдардың сап түзеп, бір мақсатқа жұмыла әрекет етуі – нақ осы сенімді де үздіксіз байланыстың нәтижесі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сондықтан да бұл салада қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегі әрдайым жоғары құрметке лайық. 17 мамыр – елімізде байланыс саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде атап өтіледі. Бұл күн Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының сапындағы әскери байланысшылар үшін де ерекше. Олар үшін бұл – абыройлы қызметке деген адалдық пен кәсібиліктің символы.

Бүгінде Ұлттық ұлан құрамындағы байланыс бөлімшелерінің әскери қызметшілері – озық техниканы жетік меңгерген, заманауи цифрлық жүйелерді шебер игерген мамандар. Радиобайланыс пен спутниктік жүйелер, қорғалған арналар мен шифрланған ақпарат – бәрі де олардың күнделікті жұмыс құралына айналған. Олар кез келген оқу-жаттығуда да, нақты жауынгерлік жағдайда да байланыс жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп келеді. Әскери байланысшының кәсібилігі – бұл тек техникалық біліммен шектелмейді.

Ол – табандылық пен жауапкершілік, шұғыл жағдайда дұрыс шешім қабылдай білу қабілеті. Командир мен жауынгер арасындағы пәрмен мен бұйрықтың уақтылы әрі нақты жетуі – олардың ерен еңбегінің жемісі. Осындай жауапты да абыройлы қызметті атқарып жүрген барша байланыс мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Қашан да байланыстарыңыз берік, еңбектеріңіз еленіп, ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз табысты болғай!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -