Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келіп түскен сұраққа жауап береді, деп хабарлайды DKnews.kz.
СҰРАҚ: Мен сенімсіздер тізімінде екенімді білдім. Сенімсіздік қандай критерийлер бойынша танылады?
ЖАУАП: Салық міндеттемелерін уақтылы және адал орындамайтын салық төлеушілер сенімсіздер тізімге енуі мүмкін:
- пайда болған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген және ЖК үшін 10 АЕК-тен астам, ЗТ үшін 150 АЕК-тен астам берешегі бар;
- әрекетсіз деп танылған, яғни белгіленген мерзімнен кейін 1 жыл ішінде декларация (есептілік) ұсынбаған;
- жалған кәсіпорындар деп танылған;
- банкрот деп танылған;
- заңды мекен-жайы бойынша жоқ;
- тіркелуі жарамсыз деп танылған.
Егер ЖК мен ЖШС сенімсіз тізімге енген жағдайда, салық міндеттемелерін толық көлемде орындау қажет: есептілікті тапсыру, салықтарды төлеу және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 272-бабы бойынша хаттама жасау үшін орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну.
Сенімсіз салық төлеушілердің тізімі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтында «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөліміндегі «Электрондық қызметтер» мәзірінде жарияланған.