PepsiCo Орталық Азиядағы ең ірі зауытын салып жатыр

1639
Фотосурет: UKIMET

Олжас Бектенов PepsiCo компаниясының өңірдегі басшысы Давид Манзинимен Алматы облысында зауыт салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов PepsiCo компаниясының Ресей, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия өңірі бойынша президенті Давид Манзинимен кездесу өткізді. Алматы облысында тұзды тағамдар өндіретін зауыт салу бойынша жобаны іске асыру мәселелері талқыланды.

Жаңа PepsiCo зауыты Орталық Азиядағы ең ірі зауыт болмақ. 2024 жылғы маусымда өткен келіссөздер қорытындысы бойынша инвестиция көлемі $160 млн болатыны жоспарланған. Картоп өңдеудің өндірістік қуаты мен көлемі үш есеге артып, 70 мың тоннадан 210 мың тоннаға дейін өседі. Бұл жылына шамамен 70 мың тонна дайын өнім шығаруды қамтамасыз етеді. Кәсіпорында 900-ге жуық жұмыс орны ашылады. PepsiCo компаниясының Ресей, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия өңірі бойынша президенті Давид Манзини жобаның бірінші кезеңін іске қосу және қазақстандық өнімнің бірінші партиясын шығару 2026 жылдың наурыз айына жоспарланғанын, 2027 жылдың қыркүйегінде зауыттың толық қуатқа шығуы болжанып отырғанын айтты.

Жоба аясында жергілікті шикізатты пайдалану көзделуде — картопты жеткізуге қазақстандық фермерлік шаруашылықтар тартылады. 2035 жылға дейін PepsiCo чипсы өнімдерін дайындайтын картоп сорттарын өсіруді толық локализацияға көшуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта бағдарламаға Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстары мен Жетісу облыстарынан шамамен 15 шаруашылық қосылған. Сондай-ақ шикізатты сақтау базасын кеңейту және өнімнің өнімділігі мен сапасын арттырудың ғылыми тәсілдерін дамыту көзделген.

«Біз жоғары өңделген дайын өнім шығаруға бағытталған осындай жобаларды толық қолдаймыз. Мемлекеттік органдар екі апта ішінде барлық қажетті шешімдерді қабылдайды» Олжас Бектенов 

«Біз Қазақстан билігі тарапынан көрсетілген қолдауды жоғары бағалаймыз. Шетелдік инвестор ретінде бізге қолайлы жағдайлар жасалған. Бүгінде жоғары әлеуетті көріп отырмыз, сондықтан Қазақстанға инвестиция көлемін екі есеге арттыру туралы шешім қабылдадық» Дэвид Манзини

Кездесу қорытындысы бойынша Сыртқы істер министрлігіне екі апта ішінде Қазақстан Үкіметі мен PepsiCo арасында Инвестициялар туралы келісім дайындау тапсырылды. Осы мерзімде Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестор үшін барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіп кешені субъектісі шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына қажетті түзетулер енгізеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -