Ұлттық ұлан авиациясы «Өрт-2025» оқу-жаттығуында қолдау көрсетті

1771
Фотосурет: Ұлттық ұлан

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» Майқарағай орман шаруашылығы аумағында өткен «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ауқымды оқу-жаттығулардың мақсаты – табиғи өрттерге қарсы әрекет етудегі дайындықты пысықтау.

Оқу-жаттығудың басты міндеті – төтенше жағдайлар кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру.

Ұлттық ұланнан бұл жаттығуларға бірден 2,5 тоннаға дейін су төге алатын құрылғымен жабдықталған Ми-171Е тікұшағының экипажы қатысты.

Экипаж жақын маңдағы айдындардан су алған соң шартты өрт ошақтарын бағдарға алып сөндіру жұмыстарын жүргізді.

Авиациялық техникадан бөлек, жаттығуға өрт қаупі бар аймақтарға жақын тұратын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  Ұлттық ұланның 50-ден астам әскери қызметшілері жұмылдырылды. Сондай-ақ ұландықтар күшімен оқу-жаттығу өткен аумақта жоғалған адамдарды іздеу бойынша дайындық ұйымдастырылды.

Жалпы оқу-жаттығуға 350 қызметкер, 63 техника, оның ішінде арнайы техникалар, пилотсыз ұшу аппараттары мен 6 әуе кемесі қатысты.

Айта кету керек, Ұлттық ұлан авиациясы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, оның ішінде су тасқынына қарсы іс-шаралар мен дала, орман өрттерін сөндіруге тұрақты түрде тартылады.

«Өрт-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өрт қаупі жоғары маусымға дайындықтың негізгі кезеңі болып, азаматтық қорғаныс саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -