Астанада президенттер мен премьер-министрлер: Тоқаев қатысатын аптаның басты шаралары

2794
Фотосурет: Ақорда

Осы аптада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірқатар маңызды халықаралық және мемлекеттік шаралар өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Астанаға бірқатар мемлекеттердің президенттері мен премьер-министрлері келеді. Сонымен қатар, маңызды дипломатиялық кездесулер мен форумдар жоспарланған.

28-29 мамыр күндері Қазақстанға Руанда Президенті Поль Кагаме ресми сапармен келеді. Сапар аясында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланып, бірқатар құжатқа қол қойылады.

28 мамырда Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Төрағасы Анке Релингермен кездесу өтеді.

28-29 мамыр күндері Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновская-Давкова жұмыс сапарымен келеді.

28-29 мамырда Астанаға Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленкович жұмыс сапарымен келеді.

29 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына (AIF) қатысады және ресми делегация жетекшілерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен компаниялар басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді. 

30 мамырда елімізге Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен келеді. Сол күні аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірінші «Орталық Азия – Италия» саммиті өтеді.

31 мамырда Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараға қатысады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -