Гвардей гарнизонының жас сарбаздары әскери ант қабылдады

2915
Фотосурет: Gov

Гвардейск гарнизонында 800-ден астам әскерге шақырылушы Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Гвардейск гарнизонының құрамаларында салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі өтті.

Іс-шараға 4 мыңнан аса адам – гарнизон басшылығының өкілдері, әскери бөлімдердің командирлері, Қарулы күштердің, Ауған соғысының, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сарбаздардың туыстары мен жақындары қатысты.

– Отанға адал болуға ант беру – ерекше жауынгерлік дәстүр. Бұл әрбір жас жігіттің өміріндегі салтанатты әрі өте жауапты сәт. Ант берген кезден бастап сендер елді қорғау үшін жауапкершілікті өз мойныңа алып, нағыз жауынгер боласыңдар, – деді гарнизон бастығы полковник Файзулла Дусанов.

Әскери ант қабылдау рәсімдері танк және артиллериялық бригадаларда, саперлер полкінде, артиллериялық базада және Гвардейск гарнизонының резервтік бригадасында өтті.

– Әр адам Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге міндетті. Армияда әрқайсымыздың беріктігіміз сыналатынын түсінемін. Менің ойымша, әскердегі қызмет кәдеге жарап, алдағы жолымды анықтауға ықпал етеді, – деп бөлісті танк бригадасының сарбазы Кенжебек Әлімжан.

 Іс-шара салтанатты маршпен аяқталды, одан кейін әскери бөлімдердің басшылығы сарбаздардың ата-аналарымен әңгімелесіп, оларды толғандырып жүрген барлық сұрақтарға жауап берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -