Өскемендік әскери қызметші АҚШ-тан тәжірибе жинады

2222
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

​​​​​​​Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының радиациялық, химиялық, және биологиялық қорғау қызметінің бастығы подполковник Ғалим Ахмиев Америка Құрама Штаттарындағы Абердин қаласында ғылыми зертхананың сынақ полигонында болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әскери қызметші АҚШ әскерінің жауынгерлік қабілетін дамытуға арналған ғылыми зертханасында жүргізілген зерттеу жұмыстарына белсене қатысты. 1917 жылы құрылған әскери ғылыми нысан радиациялық, химиялық, және биологиялық қорғау саласында тың жаңалықтар ашып, әскер саласына қажетті қорғаныс жабдықтарын шығарып келеді.  

"Тәжірибе жинау мақсатында жүзеге асқан іс-сапар аясында АҚШ Қарулы күштеріне арналған барлық радиациялық, химиялық, және биологиялық қорғау құралдарын тамашаладық.  Әр түрлі сынақтардан өткен қорғау құралдары алдымен сараптау орталығында белгілі бір уақыт мөлшерінде зерделенеді. Одан кейін әскерге жіберіледі. Мен озық технолиягияны өндіретін ғылыми нысаннан заманауи құрылғыларға куә болдым. Әсіресе, жарылыс заттары мен есірткіні табуға арналған құрылғылардың біріктірілген нұсқасы менің көңілімнен шықты" «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының радиациялық, химиялық, және биологиялық қорғау қызметінің бастығы подполковник Ғалим Ахмиев

Әскери ғылыми орталық жыл сайын ұзақтығы екі аптадан бір айға дейін созылатын 11 курс ұйымдастырып келеді. Даярлау курсына қатысқан ұландық қорғау жабдықтарына арналған әртүрлі құрылғыларды жобалау және әзірлеу бөлімдерімен етене танысты. Сонымен қатар іс-сапар барысында Ұлттық ұланның радиациялық, химиялық, және биологиялық қорғау бөлімшелерінің далалық жұмыстары барысында техникалық құрылғылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқылады. Құрлық асып, біліктілігін арттырған офицер ұландықтарға құнды ақпараттарымен бөлісуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -