AIF 2025: 2,6 млрд теңгеден астам мультипликативтік әсер беретін негізгі инвестициялар мен жобалар

3762
Фотосурет: Asia-Plus

AIF-тің ел экономикасына мультипликативті әсері 2,6 млрд теңгеден асады

Astana International Forom (AIF) өзінің жаһандық мәселелерді талқылайтын беделді алаң мәртебесін тағы бір рет растады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Форумға 7000-нан астам қатысушы тіркеліп, 160-тан астам халықаралық спикер қатысты,  айтулы іс-шараға 39 елден  200-ден астам БАҚ өкілі қатысып, хабар таратты, оның ішінде қазақстандық журналистер де бар.   Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Африка елдерінің және жетекші халықаралық ұйымдардың – БҰҰ, ФАО, ХЕҰ және ДЗМҰ спикерлерінің қатысуымен 40 панельдік сессия өтті.   

Форумның негізгі тақырыптары экология, климат, экономикалық тұрақтылық, энергетика, цифрлық даму және халықаралық ынтымақтастық мәселелері туралы болды.

Іскерлік бағдарлама аясында БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған арнайы сессия өткізіліп, жаһандық нарықтар, жеткізу тізбектері, экономикалық текетірестің валюталық жүйелерге әсері, таза энергетика, жасанды интеллект технологиялары, су қауіпсіздігі және Қазақстандағы жаңа Алатау қаласының құрылысы тақырыптары талқыланды.

«Су қауіпсіздігі – Орталық Азияның тұрақты болашағына арналған негізгі инвестиция» панельдік сессиясында су инфрақұрылымын жаңғырту, цифрландыру және трансшекаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мемлекеттік су саясатының негізгі бағыттары үсынылды: ол 42 жаңа су қоймасын салу және 30 су қоймасын қайта жаңарту, төтенше жағдайларға төзімділікті арттыруға және экономика салаларын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 14 мың шақырымнан астам суару арналарын жаңғыртуды көздейді.

Цифрлық даму министрлігі Meta және Blockchain and AI Technology Center орталығымен бірлесіп, Decentrathon 3.0 хакатонын қоса алғанда, жасанды интеллектті дамытуға арналған акселерация бағдарламасын іске қосты. Үздік жобалар Digital Bridge-2025 форумында таныстырылады.

БАӘ-нің Masdar компаниясы Қазақстанда жаңартылатын энергияны дамытуға 1 миллиард доллар инвестициялауды жоспарлап отырғанын хабарлады. Ынтымақтастықты кеңейту мақсатында ҚР Энергетика министрлігі БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрлігімен, Masdar компаниясы және БАӘ елшілігімен келіссөздер жүргізді. Талқылау барысында жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты тереңдету және Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асыру қарастырылды. Қаржы 2026 жылдың бірінші тоқсанында күтілуде, бірінші кезең 2028 жылы пайдалануға беріледі, ал жоба 2029 жылы толық аяқталады деп жоспарланған. Жобаның құны - 1,4 миллиард долларды құрайды.

Сондай-ақ іс-шара аясында «Қазақстан-Франция» және «Қазақстан-Италия» бизнес-форумдары өтіп, онда бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Қазақстан мен Франция арасында 15 құжатқа қол қойылды. Соның негізгілерінің бірі – ҚР Энергетика министрлігі мен Air Liquide Munay Tech Gases LLP арасындағы инвестициялық келісім. Құны шамамен 90 миллион еуроны құрайтын жоба Павлодар мұнай-химия зауытында сутегін өндіретін зауыт салуды қарастырады. Бұл жоба өнеркәсіпте көміртегі шығарындыларын азайту және «жасыл» технологияларды енгізудегі маңызды қадам болады.

«Қазақстан-Италия» бизнес-форумында жалпы сомасы 180 миллион еуроны құрайтын 10 меморандумға қол қойылды. Бұл жобалар логистика, машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, индустриялық цифрландыру және «жасыл» энергетиканы қамтиды.

Astana International Forum алаңында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин италиялық TRAMITE GROUP компаниясымен Шардара ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау және агроөнеркәсіптік кластерді дамытуға бағытталған құны 500 миллион еуро болатын сауда консорциумы мен инвестициялық қор құру мәселесін талқылады.

Форум өткен күндері Руанда Президенті Поль Кагаме Ұлттық ғарыш орталығында болып, «Қазақстан Ғарыш Сапары» және Руанда ғарыш агенттігімен геоақпараттық қызмет және қоршаған ортаны бақылау саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Сонымен қатар, Астана халықаралық форумы (AIF) аясында Қазақстанда бірінші халықаралық аутлет-орталығын құру туралы келісімге қол қойылды. Ауқымды жоба QSM  тобы компаниясының бастамасымен Алматы облысында жүзеге асырылады. Жобаға 60 жылдан астам тәжірибесі бар, еуропалық коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығындағы көшбасшылардың бірі болып табылатын австриялық Ekazent Management GmbH компаниясы серіктес болды. Келісімге қол қою рәсімі Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Австрия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Андреа Бахердің қатысуымен өтті. Жобаның жоспарланған ауданы 80 000-нан 120 000 шаршы метрге дейін болады.

ДЗМҰ Бас директоры Дарен Танг зияткерлік меншікті қорғау мәселелерін талқылап, Қазақстанның осы саладағы көшбасшылығын атап өтті.

Шетелдік делегаттардың қатысуы есебінен AIF-тің ел экономикасы үшін мультипликативті әсері 2,6 млрд теңгеден асады деп күтіліп отыр.

Astana International Forum бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, бас демеушісі – «ERG Komek» корпоративтік қоры, іс-шараның ресми банкі – «Freedom Bank Kazakhstan» АҚ.

Іс-шараның ресми демеушілері: «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» ЖАҚ, «KAZ Minerals Management» ЖШС, North Caspian Operating Company, «Теңізшевройл» ЖШС, Alatau City, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, VISA, «Степногорск подшипник зауыты» АҚ, «Каспий нефть» АҚ, «Qarmet» АҚ, «RG Gold» ЖШС.

Алтын демеушілер: «Транстелеком» АҚ, «Kaspi Дүкен» ЖШС, BI Group, UCC Holding, Astana Hub.

Күміс демеушілер: «Kcell» АҚ және «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС.

Қола демеушілер: «Казцинк» ЖШС, «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, «Нобель Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ, «Химфарм» АҚ, «Super-Pharm» ЖШС.

Демеушілер: «Wabtec Corporation», «Jusan Mobile» АҚ, «БАРК Технолоджи» ЖШС, «Inservice (Inservice)» ЖШС, «DEMEU Техникалық құзырет орталығы» ЖШС және «DOLCE» ЖШС.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -