Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының қарауында жатқан «Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі) және оны енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен «Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап еңгізілуі жоспарланып отырған келесі өзгерістер мен толықтырулар көзделген, деп хабарлайды DKnews.kz.
Белгілі болғандай, Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңіне жататын азаматтардың (зейнеткерлер, жеке құрылымдардың қызметкерлері, студенттер және т.б.) қалған санатын жалпыға бірдей декларациялаудан босатуды және жалпыға бірдей декларациялауға тәсілдерді қайта қарауды тапсырды.
Осыған байланысты, декларациялау тәртібін оңтайландыру шеңберінде, мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайлары, қаржы секторының ірі қатысушылары, ұйымдардың құрылтайшылары мен басшылары, жеке практикамен айналысатын адамдар, шетелде мүлкі немесе банк шоты бар адамдар, сондай-ақ табысқа ие болған басқа да тұлғалар, жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын, сондай-ақ есепті кезеңде 20 000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын сомаға мүлік сатып алған тұлғалардв қоспағанда, салық салу көзінен табыс алатын жеке тұлғалар (жалақы, зейнетақы, стипендия, зейнетақы, сақтандыру төлемдері және т.б.) жыл сайынғы 270.00 нысанындағы декларацияны тапсырудан босатылады.
Жоғарыда аталған, жеке тұлғалардың салықтық шегерімдерді қолдану бөлігіндегі әкімшілендіруді өзгертетін тәсілдерді ескере отырып, бірқатар салықтық шегерімдерді (14 АЕК мөлшерінде, оқытуға, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларға және көпбалалы отбасылар үшін) күнтізбелік айға 30 АЕК, яғни күнтізбелік жылға 360 АЕК мөлшеріндегі бірыңғай базалық шегерімге ауыстыру көзделген, ол салықтық шегерімдерді қолдану туралы еркін нысандағы өтініш негізінде беріледі.
Аталған шегерімдер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық жеке тұлғалар үшін қызметкерлердің, салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын тұлғалардың (жеке нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар) кірістері бойынша қолдану үшін көзделетін болады.
Бұл ретте, қосымша, жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін кәсіби шегерімдерді алып тастаудың орнына ЖТС мөлшерлемесі 10%-дан 9%-ға дейін төмендетілді және ЖТС-ты ай сайын төлеу көзделді.
Сондай-ақ, жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін ұсталатын әлеуметтік аударымдар сомасы бойынша қосымша салықтық шегерім – Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде енгізіледі.
Бұл өзгерістер жеке тұлғалардың салықтық шегерімдерді қолдану тәртібін жеңілдету мақсатында енгізіледі, бұл жеке тұлғалардың салықтық шегерімдерді растайтын құжаттарды жинау, сақтау бойынша қосымша міндеттерін, сондай-ақ жеке тұлғаның жыл сайынғы кірістер мен мүлік туралы декларациясын күнтізбелік жыл үшін алынған барлық кірістерді көрсете отырып, салықтық шегерімдерді қолданумен және бюджетке төленуге тиісті ЖТС-тың нақты сомасын дербес есептеумен тапсыруды, мемлекеттік кірістер органдарының салықтық шегерімдерді қолданудың заңдылығы бөлігінде тексерулер жүргізуді және т.б. алып тастайды.
Бұдан басқа, көрсетілген нормаларды ретроспективті түрде енгізуге байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Заң қолданысқа енгізілген күнге дейінгі кезеңде ЖТС есептеу және салықтық шегерімдерді қолдану тәртібі бөлігінде өтпелі ережелер көзделген.