Миллиардтаған келісімшарттар: Жерасты ресурстарын пайдаланушылар Қазақстан экономикасына серпін беріп жатыр

2673
Фотосурет: pixabay.com

2025 жылдың І тоқсанында жер қойнауын пайдаланушылардың ішкі сатып алу көлемі 680 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2025 жылғы І тоқсанның қорытындысына сәйкес, энергетикалық сектор бойынша жер қойнауын пайдаланушыларының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 1,1 трлн теңгені құрағанын, оның ішінде елішілік құндылық 680 млрд теңгеге жеткенін, бұл жалпы көлемнің 60,2%-ды құрайтынын атап өтті.

UKIMET 

Министрдің мәлімдеуінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 6,1 трлн теңгеге жетіп, оның ішінде елішілік құндылық үлесі 3,8 трлн теңгені немесе 61,9%-ды құраған.

2024 жылы тауарлардағы, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықтың өсуі оң серпінін жалғастыруда.

Сатып алулардың негізгі үлесі ТШО, ҚПО және НКОК-қа – 62%, ҰӘҚ-ға 23%-ы және қалған жер қойнауын пайдаланушыларға 15%-ы тиесілі.

Энергетика министрлігі НКОК, ҚПО және ТШО ірі мұнай-газ жобаларының операторларымен бірлесіп тұрақты негізде тиісті жұмыстар жүргізуде:

  1. 2024 жылы Министрліктің жұмысы шеңберінде Операторлар қазақстандық тауар өндірушілермен және жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілермен жалпы сомасы шамамен 423 млрд теңгеге
    58 келісімшартқа қол қойды. 2025 жылдың басынан бастап жалпы сомасы 12,5 млрд теңгеге 8 келісімшартқа қол қойылды;
  2. 2024 жылғы шілдеде ТШО, ҚПО және НКОК-пен өткізілген ашық есік күндерінің қорытындылары бойынша Отандық тауар өндірушілермен одан әрі ынтымақтастық туралы 55 меморандумға қол қойылды, оның ішінде бүгінгі күні НКОК-пен жалпы сомасы 16,3 млрд теңгеге тауарларды жеткізуге 7 келісімшарт жасалды, ҚПО-мен 2,1 млрд теңге сомасына тауарларды жеткізуге 2 келісімшарт жасалды және ТШО-мен 2 млрд теңге сомасына тауарлар және көрсетілетін қызметтерді жеткізуге 5 келісімшарт жасалды. Меморандумдарды нақты келісімшарттарға айналдыру жалғасуда.
  3. жалғыз жергілікті өндірушіден сатып алуды, жергілікті өндірушілер арасында тендер өткізуді, жергілікті өндірушілерге шартты жеңілдікті ұлғайтуды және инвестицияларға/ұзақмерзімді келісімшарттарға айырбасқа келісімшарттар жасауды көздейтін Солтүстік Каспий және Теңіз жобаларының Тендерлік Рәсімдеріне өзгерістер енгізілді. Қарашығанақ жобасы бойынша жақын арада бекітілетін болады..
  4. Жыл сайын ұлғайып отыратын тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық үлесінің бірқатар нысаналы индикаторын, сондай-ақ жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қазақстандық жеткізушіні ынталандыруға және қолдауға бағытталған сатып алуды жүзеге асыру процесінің құралдары мен тетіктерін қамтитын НКОК және ҚПО тауарларының, жұмыстарының және көрсетілетін қызметтерінің елішілік құндылығын дамыту бағдарламалары қайта қаралды.

Тауарлар бойынша ҚПО бойынша елішілік құндылықты 2025 жылғы 18%-дан 2029 жылы 30%-ға дейін, НКОК бойынша 2025 жылғы 17%-дан 2029 жылға қарай 28%-ға дейін ұлғайту көзделген.

Бағдарламаларда, сондай-ақ жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша көрсеткіштердің кезең-кезеңмен өсуі көзделген.

ТШО бойынша елішілік құндылықты дамыту бағдарламасы бүгінгі таңда келісу сатысында.

     5. Операторлар тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушіден өтініш берген сәттен бастап және шарттар жасасқанға дейін тендерлік процестерді қамтитын
E-procurement электрондық сатып алу жүйесін іске қосу бойынша жұмыс жүргізді. ҚПО және НКОК электрондық жүйесінің толық циклін іске асыру 2025 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған.

Отандық өндірістерді ұзақ мерзімді негізде жүктеу жұмысы тұрақты бақылауда екенін атап өту маңызды.

2024 жылы ҚПО тауарлар бойынша шамамен 6 млрдтеңге сомасына 4 ұзақмерзімді шарт, НКОК тауарлар бойынша 7,7 млрд теңге сомасына 4 ұзақмерзімді шарт жасасты.

Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес тәуелді ұйымдары 2024 жылдың қорытындысы бойынша 16 млрд.теңге сомасына 25 ұзақмерзімді шарт, 3 млрд.теңге сомасына 41 офтейк-келісімшарт, ал 2025 жылдың басынан бастап 4млрд.теңге сомасына 16 ұзақ мерзімді шарт, 260 млн.теңге сомасына 20 офтейк-келісімшарт жасасты. Бұл жерде ҰӘҚ сатып алу тәртібі отандық тауар өндірушілерден сатып алуды басым негізде жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өту қажет.

Бұдан басқа, 2024 жылы Қордың сатып алу тәртібін Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Азиялық қайта құру банкі халықаралық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан верификацияланды, бұл халықаралық қаржы институттары мен отандық тауар өндірушілерді тарта отырып, энергетикалық сектордағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Қалған жер қойнауын пайдаланушылармен 2024 жылдың қорытындысы бойынша 12 млрд теңге сомасына 10 ұзақмерзімді шарт жасалды.

Қалған жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуына талдау жүргізіліп, әрқайсысының жалпы сатып алу көлемі 1,5 млрд. теңгеден асатын компаниялардың тізбесі жасалды.

Бүгінгі күні олармен бірлесіп жалпы сомасы 23 млрд теңгеге ұзақ мерзімді шарттар жасауға 118 тауар позициясы айқындалды, оның ішінде 2025 жылдың 5 айында сомасы 17,5 млрд теңгеге 53 ұзақ мерзімді шарт жасалды.

Министрлік ел аумағында өндірістерді оқшаулау бойынша жұмыс жүргізуде.

2022-2025 жылдары Wika (Германия), Honeywell (АҚШ), PetrolValves (Италия), N.Vent (АҚШ) бірігіп «Sigma Solutions» ЖШС (Қазақстан), Schlumberger (АҚШ), Yeskertkish Kyzmet Kazakhstan (Қазақстан), Euro Circuit Technology (Малайзия), сондай-ақ Beruseal (Оңтүстік Африка) сияқты 8 өндіріс оқшауланды.

Көрсетілген жобаларды іске асыру ел ішінде қосылған құны жоғары тауарларды өндіру және шығару жөніндегі құзыретті иеленуге мүмкіндік берді.

Мұнай-газ саласында неғұрлым сұранысқа ие, түпнұсқа тауарлардың әлемдік өндірушілері болып табылатын Leser (Германия), John Crane (АҚШ), Hi Air Korea (Корея), Baker Hughes (АҚШ), Breda Energia (Италия), Flowserve (АҚШ), Swagelok (АҚШ) компанияларымен бірлесіп 7 жаңа өндірісті оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Биылғы жылдың негізгі міндеттері:

  • сатып алатын мұнай-газ жабдықтары мен тауарлары бойынша жыл сайынғы Мұнай-газ машина жасау форумын өткізу;
  • қазақстандық өндірушілерді қолдауға бағытталған Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерін сатып алу ережесіне өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізу;
  • ұзақмерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасау;
  • жасалған Меморандумдарды нақты сатып алу шарттарына трансформациялау мақсатында операторлардың (ТШО, ҚПО, НКОК) қазақстандық тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызмет өндірушілермен өзара іс-қимылы бойынша В2В-кездесулер өткізу;
  • өнімді импортты алмастыру үшін өндірістер мен технологияларды оқшаулау.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -