Астанада генерал Бакыт Курманбаевке ескерткіш ашылды

2673
Фотосурет: Gov

Астанада Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Бақыт Құрманбаевқа ескерткіш ашылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ескерткіш 2020 жылы мезгілсіз дүниеден өткен генерал-майор Бақыт Құрманбаевтың жерленген жеріне орнатылды.

Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері, әріптестері, Қарулы күштердің ардагерлері, туыстары мен жақындары қатысты.

Ескерткіштің салтанатты ашылуы Қорғаныс министрлігінің құрмет қарауыл ротасы әскери қызметшілерінің сүйемелдеуімен өтті. Митингке қатысушылар генерал туралы естеліктерімен бөлісті.

ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Асан Жүсіпов Бақыт Құрманбаевтың Отанға және әскери борышына адалдығын, жұмысқа айрықша қабілеттілігі мен әдептілігін атап өтті.

Әскерде ол взвод командирінен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарына дейінгі жолдан өтті.

Б. Құрманбаевтың соңғы қызмет жылы COVID-19-бен күрес кезеңімен тұспа-тұс келді. Сол кезде ол эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан бөлімшелердің әрекеттерін үйлестірді. Ол жеке құрамның, әскери дәрігерлердің жағдайын біліп, әскери қызметшілердің ауру жұқтыру қаупін азайтуға тырысты. Алайда өзі індеттен қорғана алмады.

Митингте жұбайы Роза Құрманбаева мен қызы Диана қатысушыларға еске алу шарасын өткізгені үшін алғыс айтты.

Жиналғандар II дәрежелі «Даңқ» және «Айбын» ордендерінің иегері генерал-майор Бақыт Құрманбаевты бір минут үнсіздікпен еске алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -