Ұлттық ұланда мемлекеттік сатып алулар жөнінде семинар өтті

3212
Фотосурет: Ұлттық ұлан

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығында әскери қызметтердің мемлекеттік сатып алулар жұмысына қатысты ақпараттық сағат ұйымдастырылды.

Аталған іс-шарада заң бұзушылықтың алдын алу жұмыстары қарастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Алмас Қабдрашев арнайы келіп, біліктілікті жетілдіру мақсатында  өз кеңесімен бөлісті.

Семинардың басты мақсаты – мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде жиі кездесетін рәсімдік және әкімшілік сипаттағы заңбұзушылықтар туралы ақпарат тарату және осындай бұзушылықтардың алдын алу.

 Бұл шара мемлекеттік органдар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және камералдық бақылау нәтижелері бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу аясында ұйымдастырылды.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес goszakup.gov.kz бірыңғай сатып алу платформасы арқылы жүзеге асырады.

Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы қолдану бойынша тәжірибе алмасып, нақты мысалдар негізінде талдау жасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -