Астанада 100 жас домбырашы қазақтың күйлерін орындады

2310
Фотосурет: Gov

Елордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған ерекше мәдени іс-шара өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алматы ауданының әкімдігі өнер мектебінің негізін қалаушы Ибрагим Ескендірмен бірлесіп, 100 жас домбырашының қатысуымен ауқымды флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Отан Қорғаушылар» монументі алдында ұлттық киім киген мектеп оқушылары патриоттық әндер – «Көк тудың желбірегені» мен «Отан қымбат» шығармаларын орындады. Вокалдық қойылымнан кейін флешмоб қатысушылары домбырамен өз шеберліктерін көрсетіп, кеңінен танымал күйлер – «Ерке Сылқым» және «Балбырауын» туындыларын орындады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция жастар арасында ұлттық рухты күшейтуге, Тәуелсіздік рәміздеріне құрметпен қарауға және қазақ халқының бай мәдени мұрасына баулуға бағытталған.

Биыл 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай елордада ауқымды патриоттық шаралар ұйымдастырылуда. «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» акциясы аясында қала аумағындағы мемлекеттік органдарда, аумақтық департаменттерде, сот мекемелерінде, білім беру ұйымдарында және өзге де мекемелерде шамамен 500-ге жуық патриоттық іс-шара өтіп жатыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -