Мессенджер арқылы есірткі контрабандасы: Алматыда трансұлттық желі ашылды

2827
Фотосурет: pexels.com

Алматы прокуратурасы аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасы туралы істі тергеуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

43 кг астам тәркіленген марихуаналарды елге, ондаған пошта сәлемдемелері арқылы әкелген.

Сәлемдемелер еліміздің бірқатар ірі қалаларының тұрғындарына арналған, онда тінту жүргізіліп, 10 адам ұсталды.

Олардың айғақтары бойынша есірткі контрабандасының схемасын реттеп отырған, ұйымдасқан кибер топ әрекет ететіні белгілі болды.

Ол «кураторлардан», «буып-түюшілерден» және «дропперлерден» тұрған.

Оларды үйлестіру «Феликс Гальярдо» және «Джордан Белфорт» деген атаумен жалған аккаунттар арқылы телеграммда жүзеге асырылған.

Павлодар облысының Мекемесінде жазасын өтеп жатқан адам аккаунттың иесі және есірткі дүкенінің ұйымдастырушысы болып шықты.

Қаскүнем кінәсін мойындап, есірткі әкелу схемасын және криптовалютамен төлем жасау механизмін әшкереледі.

Тергеу барысында АҚШ-тан есірткі құралдарын сатып алуды қаржыландырған тұлғалар анықталды.

Олар Мекемеде жазасын өтеп жүрген қылмыстық беделге ие болып шықты.

Тапқан табыстары туыстарына мүлік сатып алып, соларға тіркеу жолымен жария етілген.

Сот 5 пәтер мен 3 ғимаратқа, 10 учаске мен 44 автокөлікке тыйым салды. Олардың құны 1 млрд теңгеден астам.

Бүгінгі күні қылмыстық қудалау ортасында 20 азамат, оның ішінде қылмыстық топқа қамқорлық көрсеткен лауазымды тұлғалар бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -