Жаңа форматтағы мерейтой: Қазақ ұлттық драма театры 100 жылдығына дайындалып жатыр

2046
Фотосурет: © Sputnik / Серикжан Ковланбаев

2026 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдық мерейтойы тойланады, деп хабарлайды DKnews.kz

Мерейлі маусым театрдың жаңарған ғимаратынды өтеді.

1981 жылдан бері тұрған театр ғимаратында қазіргі кезде реконструкция жұмыстары басталып кетті. Жөндеу жұмыстары барысында ескі, тозығы жеткен сахна жабдықтары толық жаңартылады, заманауи жарық және дыбыс жүйелері орнатылады.

Театр ғимараты қаладағы  сәулет және мәдениет ескерткіші болғандықтан, реконструкция кезінде оның тарихи келбеті толық сақталады. Жаңартылған театр қазіргі инклюзивті талаптарға толықтай сай болмақ. Атап айтсақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жағдай жасалады. Қонақтарға қолжетімді әрі ыңғайлы бағыт-бағдар орнату үшін нақты шаралар жүргізіледі.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдени мұраны сақтау мен мәдени мекемелердің жұмыс істеуі үшін заманауи жағдай жасауды маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Аталған жобаны жүзеге асыру – мәдениет нысандарын жаңғырту және олардың ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның маңызды бөлігі.

Реконструкция аяқталған соң, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры қайтадан өзінің тарихи құндылығы мен дәстүрін сақтай отырып, заманауи талаптарға сай мәдени орталыққа айналады. 

Сондықтан өскелең ұрпақ пен көрермен жиі келетін сүйікті орындарының бірі болады деп сенеміз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -