Қазақстан Қорғаныс министрлігінің университетіне Үндістан әскери колледжінің тыңдаушылары келді

3652
Фотосурет: Gov

Астанаға генерал-майор Паванпал Сингхтің басшылығымен Үндістан Ұлттық қорғаныс колледжінің делегациясы келді, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде Бутан, Шри-Ланка, Моңғолия, Таиланд және Жапония тыңдаушыларынан құралған шетелдік делегация үшін брифинг өткізілді.

Колледж тыңдаушыларына кадрлар даярлаудың қолданыстағы жүйесі, бітімгерлік қызмет және Қазақстан Қарулы күштерінің даму перспективалары жайында айтылды.

Тараптар әскери білім беру саласындағы байланыстарды дамытқысы келетінін және екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -