2025 жылғы 22-30 маусым аралығында Ақтөбе қаласында халықаралық турнир – «Владимир Дворковичті еске алу турнирі – Aktobe Open 2025» өтеді.
Бұл – классикалық шахматтан Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңі. Турнирге 21 елден 80-нен астам спортшы қатысады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жарыстың басты жұлдыздарының қатарында – шахматтан әлемдік тәж үшін үміткерлер турнирінің қатысушысы, Қытайлық Ван Хао (рейтингі – 2701), сонымен қатар рейтингі 2600-ден жоғары халықаралық гроссмейстерлер мен Қазақстанның үздік шахматшылары бар.
Турнир ұйымдастырушысы – Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ). Жарыс Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, сондай-ақ Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді. 2019 жылдан бері Aktobe Open аймақтағы ең беделді шахмат фестивальдерінің бірі ретінде танылып үлгерді.
2025 жылғы турнир үш санаттан тұрады:
- Masters — рейтингі 2400 және жоғары;
- Challengers — рейтингі 1900–2399;
- Open — 1400–1899.
Формат: Швейцар жүйесі бойынша 9 тур. Ойынды өткізу уақыты – әр қатысушыға 90 минут + әр жүріске 30 секунд қосымша уақыт.
Жүлде қоры
- Masters — $78 000. Бірінші орын – $18 000, екінші орын – $12 000, үшінші орын – $10 000. Жүлделер 15-орынға дейін беріледі. Әрбір жүлдегер кем дегенде $1000 иеленеді. Егер үздік әйел шахматшы 15-орыннан төмен болса, ол да $1000 алады.
- Challengers — $15 000. Жеңімпазға – $4000. Қалған жүлделер рейтинг кестесіне сай бөлінеді. Әйелдер мен жергілікті шахматшыларға арнайы бонустар қарастырылған.
- Open — $7000. Жеңімпазға – $2000. Әйелдер мен Ақтөбе облысының қатысушылары үшін жеке номинациялар бар.
Биыл Ақтөбеде өнер көрсететін шахматшылар:
- Ван Хао (2701, Қытай) – үміткерлер турнирінің қатысушысы, Қытай және Азия чемпионы, FIDE Grand Swiss 2019 жеңімпазы. Ең жоғарғы рейтингі – 2763.
- Алексей Сарана (2686, Сербия) – Aktobe Open 2024 турнирінің қола жүлдегері
- Шант Саргсян (2669, Армения)
- Иван Чепаринов (2641, Болгария)
- Аркадий Найдич (2629, Болгария)
- Бардия Данешвар (2640, Иран) – Aktobe Open 2023 жеңімпазы
- Санан Сюгиров (2635, Венгрия)
- Арьян Чопра (2620, Үндістан)
Қазақстандық шахматшылар:
- Қазыбек Нөгербек (2538)
- Әлішер Сүлейменов (2515)
- Эдгар Мамедов (2509)
- Муртас Кажгалеев (2500)
- Арыстанбек Оразаев (2490)
- Алдияр Аңсат (2489)
- Жандос Ағманов (2481)
- Рамазан Жалмаханов (2463)
Әйелдер арасында қатысушылар:
- Ольга Баделька (2424, Австрия)
- Меруерт Қамалиденова (2330)
- Афруза Хамдамова (2326, Узбекистан)
- Лия Құрманғалиева (2276)
- Ирен Люцингер (2261, РФ)
- Зарина Нұрғалиева (2252)
- Асель Серикбай (2226)
- Аяулым Қалдарова (2172)
- Зейнеп Сұлтанбек (2068)
Aktobe Open 2025 – классикалық шахматтан Қазақстан Кубогының үш кезеңінен тұратын серияның алғашқысы. Одан кейінгі кезеңдер: Oskemen Open – 21–29 шілдеде Өскемен қаласында, Almaty Region Open – 4–12 тамызда Алматы облысында. Әр кезеңде үздік 20 ойыншыға ұпайлар беріледі. Kazakhstan Chess Cup 2025 – Final жарысына 12 шахматшы жолдама алады: 6-ы ең көп ұпай жинағандар және тағы 6-ы ҚШФ Президиумының арнайы шақыртуымен.
Турнир атауы халықаралық арбитр Владимир Яковлевич Дворковичтің (1937–2005) құрметіне берілген. Ол 1960 жылы Таганрог педагогикалық институтының физика-математика факультетін аяқтағаннан кейін жолдамамен Ақтөбеге келген. Мұнда көп тұрмағанымен, жергілікті шахматшылардың есінде жақсы сақталған. Кейін Дворкович КСРО Шахмат федерациясының жауапты хатшысы (1982–1984), Ресей шахмат федерациясы төрешілер алқасының төрағасы (1992–1995, 2003–2005) қызметтерін атқарды. «Шахматшының анықтамалығы», «Владас Микенас» кітаптарының авторы. 2018 жылдан бері оның ұлы Аркадий Дворкович – ФИДЕ президенті лауазымында.
Aktobe Open турнирінің ашылу салатанаты 22 маусым күні.
Қатысушылар мен қонақтардың жиналуы: сағат 13:00-де
Турнир мерзімі: 22–30 маусым 2025 жыл
Уақыты бақылауы: 90 минут + әр жүріске 30 секунд
Жүйесі: 9 тур, швейцар жүйесі
Өтетін мекенжайы:
ACE теннис орталығы
Мәңгілік Ел көшесі, 2, Ақтөбе, Қазақстан Республикасы