Батыс Қазақстанның үздік дәрігерлеріне марапаттар табысталды

2222
Фотосурет: Gov

Бүгін медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыс орталығында салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ақ халатты абзал жандарды шын жүректен құттықтады.

Салтанатты жиында аймақ басшысы өңірдегі денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, медицина мамандарының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.

«Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдағы рөлі зор екенін атап өтті. Президент: «Дәрігер болу – жүректің ісі. Біз сіздердің ерліктеріңізді бағалаймыз»дей келе, ақ халатты абзал жандардың еңбегін ескеріп, мәртебесін жоғарылатты.
Облыс көлемінде де денсаулық саласын қолдау мақсатында ауқымды нақты жұмыстар атқарылып келеді» Нариман Төреғалиев

Өңір басшысы өз сөзінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облысымызда 50 медициналық нысанның құрылысы жоспарланын, оның бүгінде 38 нысаны пайдалануға берілгенін хабарлады. Қалған 12 нысанның құрылысы маусым-шілде айларында аяқталмақ.

Сонымен қатар, 2023–2025 жылдар аралығында өңірде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бағытында:

  • 37 нысанда күрделі жөндеу жүргізілсе.
  • тағы 5 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
  • Сондай-ақ, 8 модульдік медициналық ғимарат сатып алынып, қолданысқа берілді.
  • 2023-24 жылдары облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарына су жаңа 131 санитариялық автокөлік берілді.
  • 405 бірлік медициналық құрал-жабдық сатып алынып, оған жергілікті бюджеттен 3 миллиард теңге қаражат бөлінген.

Жиын барысында сала үздіктеріне «Еңбек ардагері» медалі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері, “Құрмет” грамоталары, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -