Шымкенттегі арнайы ХҚКО-да жаңа қызмет іске қосылды: жүргізуші куәлігіне емтихан алдында пробный жүргізу

1661
Фотосурет: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

Шымкент қаласының тұрғындары жүргізуші куәлігін алу үшін негізгі емтихан тапсырар алдында алдын ала практикалық  емтиханнан өту мүмкіндігі бар. Бұл қызмет Достық шағынауданы, 2343/1 мекенжайы бойынша орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетіледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ағымдағы жылдың басынан бері бұл қызметті қаланың 2 мыңға жуық тұрғыны пайдаланып үлгерді. Алдын ала практикалық емтиханнан өту - жүргізуші куәлігіне үміткерлерге олардың дайындық деңгейін бағалауға және өз дағдыларын тексеру, қателіктерін анықтау арқылы негізгі емтихан тапсырар алдында қателіктермен жұмыс істеуге көмектеседі. 

«Практикалық емтихан кезінде жиі кездесетін қателіктер бұрылыс сигналдарын уақтылы қоспау және тоқтату сызығын кесіп өту болып қала береді. Алдын ала емтиханнан өту негізгі емтиханды тапсыру кезінде осындай қателіктердің алдын алуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті өз сөзінде МХҚКО басшысының орынбасары Нұрхан Байсейітов.

Қызмет ақылы және алдын ала жазылу бойынша ұсынылады. Ол үшін «ХҚКО» қосымшасын (Google Play жәнеApp Store қосымшалары арқылы) жүктеу қажет. Ары қарай «Сынақ жүргізу» бөлімінде мемлекеттік биометриялық сәйкестендіру сервисінің көмегімен қажетті деректерді енгізу міндетті.   «ХҚКО» қосымшасы арқылы емтиханға жазылу үшін қызметалушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, емтиханға қатысу үшін үміткер автомектепте оқудан өтіп, тиісті санат бойынша курсты аяқтау туралы куәлік алуы керек.

Емтихан демалыс күндері: сенбі күндері - 14:00 - ден 18:00-ге дейін, жексенбі күндері-9:00-ден 18:00-ге дейін өткізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -