Ақтауда «Каспий самалы-2025» бірлескен әскери-теңіз жаттығулары басталды

1518
Фотосурет: Gov

Ақтауда Қазақстан мен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің «Каспий самалы-2025» бірлескен оқу-жаттығуларының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оған екі мемлекеттің қолбасшылығы мен әскери қызметшілері қатысты. Дәстүр бойынша іс-шара әскери оркестрдің мемлекеттік әнұрандарды орындауы мен екі елдің туларын көтеруден басталды.

Әскери контингенттерді Қазақстан Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков және Әзербайжан Әскери-теңіз күштері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы 1-дәрежелі капитан Теймур Муршудов құттықтады.

Бірлескен оқу-жаттығулар теңіз экономикалық қызметі нысандарының, Әскери-теңіз күштері мен кеме қатынасы пунктерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

1 дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков атап өткендей, оқу-жаттығулар екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға және кәсіби тәжірибе алмасуға ықпал ететін болады.

Іс-шара шағын футбол, армрестлинг, арқан тарту және жүзу жарыстарымен аяқталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -