Алматы мектептерінде цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен Google корпорациясының Еуропа және Орталық Азия бойынша білім беру бағытының жетекшісі Анна Артемьева арасындағы кездесуде талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Алматы әкімі цифрландыру — бұл жай ғана инфрақұрылымды жаңғырту емес, ол білім беру тәсілдерін түбегейлі өзгерту, сыни ойлау, цифрлық сауаттылық және жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдысын дамыту екенін атап өтті.
Алматыда Google for Education пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылды. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап Google for Education Fundamental Plus нұсқасын кең көлемде енгізу басталады. Бұл жоба 18 мыңнан астам мұғалім мен 9-10 сыныптардағы 20 мың оқушыны қамтиды.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Орталық Азия үшін цифрлық педагогтарды даярлау және жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдысын дамытуға арналған әлемдік деңгейдегі цифрлық орталық — Gemini Academy Almaty-ны ашу жоспарланып отыр.