Кездесу барысында тараптар Павлодар мұнай-химия зауытының (ПМХЗ) аумағында сутегі өндіру қондырғысының құрылысы жобасын жүзеге асыру мәселесін талқылады. Аталған жоба 2026 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды DKnews.kz.
Сонымен қатар тараптар компанияның Қазақстан экономикасының басым секторларындағы қатысуын кеңейту жөнінде пікір алмасты.
«Air Liquide» компаниясы Қазақстанға 2016 жылдан бері инвестиция салып келеді. Компания жүзеге асырған жобалардың жалпы көлемі €120 млн-нан асады. Қазіргі уақытта Павлодар қаласында FOIK деп аталатын бірегей технологияны қолдана отырып, жаңа зауыттың құрылысы жүргізілуде, инвестиция көлемі – €100 млн-нан астам.