23 маусымда «Көкшетау» мәдениет сарайының қабырғасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара дәстүр бойынша жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімінен басталды.
Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев құттықтады.
«Бүгінгі таңда біз ашықтықтың, сервистіліктің, ұтқырлық пен клиентке бағдарланудың жаңа деңгейіне жетіп, цифрлы әрі бюрократиядан алшақ жүйеге көшіп келеміз. Осындай маңызды реформалардың алдыңғы шебінде жұмыс істейтін - қатардағы мемлекеттік қызметшілер, өйткені олар реформаларды іс жүзінде жүзеге асырып, қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істейді, заңнамалық өзгерістердің, әкімшілік реформалардың және стратегиялық бастамалардың нақты орындалуына жауап береді, мемлекеттік қызметке жүктелетін міндеттердің ең ауқымды әрі жауапты бөлігін іске асырады» Думан Әбілев
Бірқатар мемлекеттік қызметшілер өңірдің мемлекеттік қызметін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Департамент басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, өз сөзінде әрбір мемлекеттік қызметші адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, адамға бағдарлану сияқты қасиеттерге ие болуы тиіс екенін атап өтті.
Салтанатты іс - шара барысында бірқатар мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтегі көп жылғы мінсіз қызметі үшін ведомстволық наградалармен – «Мемлекеттік қызмет ардагері» және «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ, әкім бірқатар мемлекеттік қызметшілерді үлгілі мемлекеттік қызметі үшін алғыс хаттармен марапаттап, олардың ел игілігі жолындағы күнделікті еңбектері үшін алғысын білдірді.
Жалпы, іс-шараға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, мемлекеттік қызмет ардагерлері және қоғам өкілдері қатысты. Іс-шараның екінші бөлігінде концерттік бағдарлама өтті.
Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында Департаменттің бастамасымен дәстүр бойынша бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылғанын атап өту қажет. Мысалы, волонтерлік қызмет шеңберіндегі қайырымдылық іс-шаралар, мәдени және спорттық-бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде облыс аудандары мен қалаларының қызметшілері арасындағы челлендждер, сондай-ақ «Үздік қызмет көрсетуші» байқауы ұйымдастырылды.
Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі