HONOR 400 Қазақстанда сатылым хитіне айналды

1518
Фотосурет: Влад Семёнов/HONOR

HONOR 400 алғашқы аптада 1000-нан астам сатылыммен Қазақстанда көш бастады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Влад Семенов суреті/HONOR

Қазақстандағы HONOR 400 сериясы сатылымы сәтті басталды. Сатылым басталғалы бері алғашқы демалыс күндері 1000-нан астам құрылғы өз иесін тапты.

Жаңа модель орта бағалық сегменттегі бәсекелестерінен озып, HONOR брендінің Қытай өндірушілерінің арасында еліміздегі №1 орнын бекемдегенін көрсетті.

Влад Семенов суреті/HONOR

Сәтті сезетін смартфон

Флагмандық HONOR 400 моделі 200 МП камера сенсорымен және сапасын жоғалтпай 30 есеге дейін үлкейте алатын интеллектуалды AI Super Zoom жүйесімен жабдықталған. Таныстырылым барысында қатысушылар смартфонның архитектуралық ұсақ бөлшектерді анық түсіретінін және AI Portrait Snap функциясының арқасында қозғалыстағы әсерлі портреттерді қалай түсіретінін көре алды.

Влад Семенов суреті/HONOR

Harcourt фирмалық режимі мен AI Film Simulation технологиясы күнделікті сәттерге кинематографиялық өң беріп, әр кадрға ерекше атмосфера сыйлайды.

Смартфон ішіндегі ақылды редактор

Көпшіліктің қызығушылығын тудырған тағы бір ерекшелік — смартфонға ендірілген AI-редактор. Ол күрделі постөңдеуді құрылғының өзінде атқара алады. Оның ішінде қажетсіз нысандарды жою, кадр аясын кеңейту, фотосуреттерді автоматты түрде анимациялау функциясы бар.

Влад Семенов суреті/HONOR

Контент жасаушылар арасында ерекше танымал Moving Photo Collage функциясы бірнеше «жанды» кадрды бір динамикалық коллажға біріктіруге мүмкіндік береді.

Интерфейстен де артық

Серияның барлық модельдері жаңартылған MagicOS 9.0 платформасында жұмыс істейді. Онда интеллектуалды диктофон (автоматты түрде қорытынды жасап береді), deepfake-ке қарсы бейнеқоңырау қауіпсіздігі және Google Gemini арқылы дауыстық басқару мен іздеу секілді озық AI құралдары біріктірілген.

Влад Семенов суреті/HONOR

Алматы көрінісі Астаналық фотографтың көзімен

Астанада өткен таныстырылым шығармашылық мазмұнымен ерекшеленді. Іс-шараға белгілі қазақстандық фотограф Дархан Жағыпаров арнайы шақырылып, ол HONOR 400 арқылы Алматы қаласының рухын жеткізетін бірегей визуалды жоба дайындады. Бұл — дәстүр мен заманауи өмірді тоғыстыратын мегаполис туралы ерекше көзқарас.

Дархан көрерменге туристік орындарды ғана емес, қаланың шынайы сәттерін көрсетті: көше музыканттары, балкон арасынан көрінген күннің қызара батқан шуағы, жаңбырдан кейінгі асфальттағы неонның шағылысы. Мұның бәрі — бір сәттік, бірақ өміршең кадрлар.

Оның айтуынша, HONOR 400 мобильді фотосурет өнерінде жаңа мүмкіндіктер ашқан. Әсіресе, автоматты экспозиция, табиғи боке эффектісі бар портрет режимі, құрылғының өзінде қысқа видео жасау мүмкіндігі ерекше әсер қалдырған.

Влад Семенов суреті/HONOR

«HONOR 400 — жай ғана камера емес. Бұл — эмоцияны, атмосфераны, қозғалысты ұстаудың жолы. Жылдамдық пен дәлдік маңызды болған сәттерде ол менің сенімді серігіме айналды» Дархан Жағыпаров

HONOR бренді үшін бұл тәсіл технологияның шығармашылықтың серіктесіне айнала бастағанын көрсетеді.

Қазақстандағы HONOR-дың жаңа кезеңі

HONOR 400 сериясы 19 маусымнан бастап Қазақстандағы барлық ресми сауда нүктелерінде қолжетімді.

Влад Семенов суреті/HONOR

«Қазақстан — HONOR 400 сериясы алғаш таныстырылған елдердің бірі болғанына қуаныштымыз. Бұл смартфондар — кәсіби технологияны әрбір адамға қолжетімді ететін жаңа кезең» HONOR компаниясының Қазақстандағы өңірлік директоры Джонибек Вэй

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -