Соңғы уақытта сақтандыру нарығында көлік иелері көлік құралдарын міндетті сақтандыру полистерін (АҚЖС) делдалдар арқылы сатып алу жағдайлары көбейіп кетті, бұл ретте сақтандарушы ретінде делдал болып есептеледі, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұл жағдайда қолданылатын схемалар заңмен қарастырылмаған, сатып алушыларды осал жағдайға әкеліп, сақтандыру компанияларына тұтынушылармен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Делдалдардың бұндай әдістері алаяқтыққа қатысты қауіп-қатерлерді арттырады.
Freedom Insurance мәліметінше, сақтандыру компаниясы мен полистерді сатып алушылардың арасында делдал болаған көптеген сақтандыру агенттерінің қызметтері сұраныссыз болып отыр.
«Сақтандырушы мен көлік иелері үшін тікелей сақтандыру компаниясының сайты арқылы мәмілені онлайн түрде рәсімдеу жеңілдеді. Бұл – агент арқылы полис алудан жылдамырақ және арзанырақ болады, өйткені агенттік комиссия төлеудің қажеті жоқ» «Freedom Insurance» СК» АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев
Кейбір сақтандыру агенттері қайта маманданып, қызмет түрлерін өзгертті. Басқалары сақтандыру компанияларының өкілдері ретінде емес, өздерінше сақтандыру полистерін сатуда. Олар көлік иелерін сайт арқылы полистерді сатып алу қиын және сенімсіз екеніне сендіріп, делдал арқылы сатып алуға көндіреді.
Сатып алушыны сендіргеннен кейін олар сақтандыру компаниясының сайтына немесе мобильді қосымшасына кіріп, клиент пен оның көлігі туралы мәліметтерді енгізіп, сақтандыруды рәсімдейді.
Сақтандыру компаниясы үшін заңды тұрғыда делдал сатып алушы ретінде танылады да, оған кэшбэк төленеді (егер бұл сату шартында көрсетілген жағдайда). Осылайша агенттер өз клиенттерінен және сақтандыру компанияларынан табыс алады.
Осындай схемада бірқатар тәуекелдер бар. Сақтандыру компаниялары барлық жағдайда тек сақтандыру полисі кімге рәсімделген сонымен ғана байланыста болуға құқылы. Егер клиент полисті тікелей емес, делдал арқылы сатып алса, онда көлік иесі полиске жаңа адамдарды қоса алмайды немесе ондағы көлікті өзгерте алмайды.
Келісімшартты делдалдың қатысуынсыз қайта рәсімдеу де мүмкін болмай қалады.
«Делдал қажет болған жағдайда қолжетімсіз болып қалған жағдайлар да қаншама – демалыста жүрген, байланыс аясынан тыс жерде болған немесе жай ғана телефон тұтқасын көтермеген. Мұның бәрі көлік иесі үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады» Дейді сақтандырушылар
Ең маңыздысы – сатып алушыда сақтандыру шартына қол қойған сәттен бастап 14 күн ішінде оны бұзу және төленген қаражатты қайтарып алу құқығы бар. Алайда адал емес делдалдар осы мүмкіндікті өз пайдасына пайдаланып кетуі мүмкін – олар қаражатты өз картасына қайтарып алады да, полисті сатып алған көлік иесі сақтандырусыз жүргенін тек жол полициясы тоқтатқанда ғана біледі. Бұл жағдайда көлік иесіне айыппұл салынып қана қоймай, егер жол-көлік оқиғасы болса, сақтандыру төлемін де алмайды, өйткені делдал оның келісімінсіз шартты бұзған.
«Біз барлық көлік иелеріне сақтандыру шарттарын тек сақтандыру компанияларымен тікелей жасасуды қатаң түрде ұсынамыз. Бұл – делдал қызметіне жүгінуден арзанырақ, қауіпсіз әрі сенімді. Егер сіз алғаш рет полисті онлайн түрде сатып алып жатсаңыз және көмек қажет болса, сақтандыру компаниясының қолдау қызметі сізге WhatsApp арқылы, телефон арқылы немесе ресми сайт арқылы кеңес бере алады. Сондай-ақ сақтандыру компаниясының кеңсесіне келіп, мамандардың көмегіне жүгіне аласыз – мұның бәрі мүлдем тегін. Ақшаны делдалдарға – сақтандыру агенттеріне беру – бұл тәуекел, әрі ешқандай мағынасы жоқ» «Freedom Insurance» СК» АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев