Қазақстан бен Германия жер асты суларын цифрлық бақылау жүйесін енгізуде

1650
Фотосурет: Gov

«Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің басқарма төрағасы Болат Бекнияз Германияның Халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) өкілдерімен кездесті. Кездесуде Қазақстанда Water Base ақпараттық жүйесін енгізу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл жүйе жерасты суының жағдайын бақылауды, су ресурстарының тізімін жасауды, картографиялық визуализацияны, талдамалық ақпарат құрастыруды, қашықтағы дереккөздерден, оның ішінде бақылау датчиктерінен жедел деректер алуды, сондай-ақ басқа ұйымдармен және бағынысты мекемелермен ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.

Water Base жүйесін енгізу аясында компьютерлік және серверлік жабдықтар беріледі, сондай-ақ жүйені бейімдеу қызметтері көрсетіледі. GIZ өкілдері Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандарын Ташкент қаласындағы ақпараттық жүйенің жұмысымен таныстыруды ұйымдастыруға дайын екендерін білдірді.

«Цифрландыру тек жерүсті емес, жерасты су ресурстарын да қамтуы қажет. Ұлттық гидрогеологиялық қызмет Өзбекстандағы әріптестерімен және Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамымен бірлесіп, жерасты суын басқару жүйесін жаңғырту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Water Base жүйесін енгізу жерасты су қорын бақылау мен басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді» «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің басқарма төрағасы Болат Бекнияз

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -