Ақтауда өзбекстандық әскери сүңгуірлер дайындықтан өтті

1628
Фотосурет: Gov

Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлік оқу-жаттығу кешені базасында сүңгуірлік даярлық бойынша, оның ішінде Өзбекстан әскери қызметшілері үшін оқу-жаттығу жиындары өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бір апта ішінде әскери-теңіз базасының тәжірибелі нұсқаушыларының жетекшілігімен теориялық және практикалық курстарды қамтитын қарқынды дайындық жүргізілді.

– Барлық қатысушылар кешенді дайындықтан өтіп, өз дағдыларын бағалады және одан әрі оқыту бойынша ұсынымдар алды,-деп түсіндірді сүңгуір және іздестіру-құтқару қызметінің бастығы капитан-лейтенант Дәурен Мергенбаев.

Жиын қорытындысы бойынша оқудан өткен сүңгуірлерге сертификаттар табысталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -