Қазақстан бағалы қағаздар нарығы: динамика талдауы және болашақ перспективалар

3971
Фотосурет: Gov

Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен KASE индексінің, «Kaspi.kz» АҚ (-4,6%) және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (-0,8%) өкілдік тізіміне кіретін акциялар бағасының төмендеуі есебінен 2025 жылғы мамырда 0,2%-ға төмендеп,  2025 жылғы  1 маусымдағы жағдай бойынша 31,0 трлн теңгені құрады (2025 жылдың басынан бастап 5,6%-ға төмендеді), деп хабарлайды DKnews.kz.

KASE индексі 2025 жылғы мамырда 1,1%-ға 5 561,46 тармаққа дейін азайды (2025 жылдың басынан бастап 0,3%-ға азайды). 

Акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Кселл» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен бір айда 2 есе азайып, биыл мамыр айында 23,9 млрд теңгені құрады.

2025 жылғы 1маусымдағы жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 81 қазақстандық эмитенттің 96 атауының  акциялары болды.

«KASE Global» секторында 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 47 атаудағы акциялары және 59 шетелдік эмитенттің 18 ETF болды. «KASE Global» секторында жасалған мәмілелердің жиынтық көлемі  негізінен Airbus, NVIDIA Corp. акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен бір айда 3,0%-ға ұлғайып, 2025 жылғы мамырда 6,8 млрд теңгені құрады.

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 2025 жылғы мамырда 1,3%-ға 13,6 трлн теңгеге дейін азайды (2025 жылдың басынан бастап 0,8%-ға азайды).

KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 2025 жылғы мамырда негізінен бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің  өсуі есебінен алдыңғы аймен салыстырғанда 56,4 %-ға 742,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 131 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 551 шығарылымы болды (01.01.2025ж. – 126 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 511 шығарылымы).

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2025 жылғы мамырда 0,9%-ға 29,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 8,7%-ға өсті). KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2025 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша 1,5%-ға азайып, 779,3 млрд теңгені құрады.

2025 жылғы мамырда МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 14,8%-ға 688,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде ҚР Қаржы министрлігі 664,3 млрд теңге тартып, өтеуге кірістілігі 14,10-16,50% болатын облигациялардың 14 шығарылымын орналастырды, бес облыс әкімдіктері мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде 23,8 млрд теңге тартты.

Ұжымдық инвестициялау нарығында 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 54 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 25 аралық, 28 жабық және 1 ашық пай қоры жұмыс істеді.

Инвестициялық пай нарығындағы басқарудағы активтер 2025 жылғы мамырда 0,87%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 361,8 млрд теңгені құрады (жыл басынан бері 2,9%-ға өсті).  2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 301,2 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 83,3%-ын құрады.

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 40 брокер мен дилер (16 банк және 24 банктік емес ұйым), 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 4 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.

2025 жылғы мамырда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 2,2%-ға ұлғайып, 4 154,1 мың  шотты құрады, оның ішінде:

  • депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 690,9 мың қосалқы шотқа дейін 1,0 мыңға немесе 0,1%-ға ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 5,5 мыңға немесе 0,8%-ға өсу);
  • брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттардың саны 3 463,2 мың шотқа дейін 89,0 мыңға немесе 2,6%-ға ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 647,8 мыңға немесе 23,0%-ға өсу).

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері 2025 жылғы мамырда 0,25%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 548,5 млрд теңгені құрады (жыл басынан бері негізінен бір қатысушы лицензиясының қолданысы тоқтатылуы есебінен 28,76%-ға төмендеді).

Міндеттемелер 6,4 млрд теңге сомасына «РЕПО» операциялары бойынша міндеттемелердің өсуіне байланысты 5,9%-ға 138,1 млрдтеңгеге дейін ұлғайды (жыл басынан бері42,0%-ғатөмендеді).

Бөлінбеген пайданың 4,7%-ға 121,1 млрд теңгеге дейін төмендеуі нәтижесінде меншікті капитал 1,5%-ға 410,5 млрд теңгеге дейін төмендеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -