Астанада Тәуелсіздік күніне арнап тоғызқұмалақ бойынша зияткерлік жарыстар өтті

1408
Фотосурет: Gov

Елордада Астана күніне арналған спорттық шаралар аясында зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, жасөспірімдер интеллектуалдық спорттан сынға түсті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Паралимпиадалық жаттығу орталығында ұйымдастырылған бәсекеге 40-қа жуық жан жиналып, командалық сайыс түрінде жүлдеге таласты, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Нұра ауданымен бірге ұйымдастырылып жатқан шарамыз төртінші рет өткізіліп жатыр. Биылғы басты ерекшелігіміз – зейнеткерлерді қосуды жөн көрдік. Себебі қаламыздағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мүшелері әуесқойлар арасында қаламен ғана шектелмей, республикалық жарыстарда биіктен көрініп жүр. Олардың деңгейлері жасөспірімдерге жақсы тәжірибе болмақ», – деді Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының маманы Гүлнұр Базарханова.

Осы орайда «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» қатысушысы Талғат Смағұлов тоғызқұмалақтың қаламызда қарқынды дамып жатқанын тілге тиек етті.

«Тоғызқұмалақ – қазақ халқының дәстүрлі интеллектуалды ойыны. Сондықтан 2 жыл бұрын осы спорт түрін игеруді жөн көрдім. Үйрену барысында ата-бабамыздың ақылдылығына, есепке жүйріктігіне таңғалдым. Осы ойын арқылы миды белсенді түрде жұмыс істетуге болады. Мен баратын орталықтың өзінде 60-70 адам үнемі өзара талас-тартысқа түсіп жатады. Жоғары бәсекелестіктің арқасында бірқатар жетістікке де жетіп үлгердім», - деді зейнеткер Талғат Смағұлов.

Жарыс соңында қатысушылар медаль мен арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -