Смартфондар баяғыда-ақ жай ғана қоңырау шалатын құрылғы болудан қалған. Ал қазір олар жай ғана гаджет болудан да қалып отыр.
Бір кездері жасанды интеллект смартфондарда тек қосымша функция секілді қабылданатын: мысалы, камера мысықты таныса, әлдебір фильтр ұсынып жатса – жарап жатыр дейтінбіз. Ал енді ИИ фотоларыңды түзеп, естеліктеріңді тірілтіп, селфиді кино кадрына айналдырып берсе ше? Бұрын мұндай мүмкіндіктер тек флагман сегментінде ғана болған.
Суретті түсірген Влад Семенов
HONOR 400 дәл осы шекараны бұза білді. Өйткені қолыңыздағы бұл смартфон көлік сияқты қымбат емес, бірақ ол істей алатын дүниелер – жақында ғана тек монтаж студияларына не жарты миллиондық құрылғыларға тән болатын. Бұл – технологиялардың «элитаға арналған» заманы өтіп, қарапайым күнделікті өмірге енгенінің көрінісі.
Бұл жай ғана камера емес — бұл сізбен бірге ойлайтын құрылғы
Фотосурет дегеніміз — сәтті тоқтатып, есте сақтау. Бірақ HONOR 400 үшін бұл жеткіліксіз. Ол үшін фото — өңделетін, жанданатын, жақсартылатын шығармашылық нысан. Ең бастысы — оны сіз емес, құрылғының ішіндегі нейрожүйелер жасайды.
Камераны қосасыз — әрі қарай AI өзі біледі. Ол саусағыңыз тигенге ғана реакция бермейді, ол талдайды, бағалайды, ұсынады. 200 мегапиксельдік матрица жарық пен фокусты өзі анықтап, ең жақсы кадрды таңдауға көмектеседі. Мұны камера емес, "Жақсырақ осылай түсір" деп ақыл қосатын ассистент десек болады.
Суретті түсірген Влад Семенов
Ал алдыңғы 50 мегапиксельдік камера ше? Ол тіпті сыбырлап тұрғандай: «Сен маған сен». Сенесіз де. Өйткені кейін фотосуретке қарап тұрып, өзіңізді айнадағы бейнеңізден де жақсы көресіз. Егер көне француз портреттерінің атмосферасы ұнаса – Harcourt режимі бар. Кинодағыдай драмалық реңк керек пе? Film Simulation көмектеседі.
Бәрі — фотошопсыз, қосымша редакторсыз, «қолынан жақсы шығатын досыңа жібермей-ақ» істеледі. Тек түсіресіз – әрі қарай смартфон өзі біледі.
Фотосуретті түзету енді сағаттап отыру емес – бір рет басу ғана
Мынадай жағдай жиі кездеседі: тамаша сурет, бірақ артқы фонда біреу өтіп бара жатыр. Не қолыңыз жабылып қалыпты. Бұрын мұндайда немесе соны қабылдап кететін едік, немесе ұзақ уақыт бойы оны реттеуге тырысатынбыз.
HONOR 400 мұндай дүниелерді артта қалдырды.
- AI Eraser – қажетсіз адамды фото бетінен өшіреді.
- AI Face Tune – көзіңіз жұмылып қалса да, оны ашып береді.
- AI Outpainting – фотоның жиектерін табиғи фонмен кеңейтіп береді.
Бұл сиқыр емес — бұл смартфонның ішіндегі жасанды интеллект. Суретті бұлтқа жүктемей-ақ, сервер жауабын күтпей-ақ, бір сәтте жасап береді. Көп жағдайда — дәл, нақты, әрі әдемі.
Суретті түсірген Влад Семенов
Бұл фотошоп емес. Бұл — фотошоптан да оңай әрі пайдалы.
Суреттен видео жасау – монтажсыз, әбігерсіз
Ең әсерлі мүмкіндіктердің бірі – AI Image to Video. Бірнеше фото таңдайсыз, бірнеше секунд күтесіз – смартфон олардан шынайы видеоклип жасап береді. Өтпелі эффектілер, қозғалыс, ритм – бәрі ойластырылған. TikTok немесе Reels маманын жалдағандай әсер қалдырады.
Бұл жай ғана слайд емес. Бұл – расымен де монтаждалған, дайын өнім. Тікелей жариялауға дайын, әрі «осыны жасауға біреу көмектесті ме?» деген сұрақ қалдырады.
Суретті түсірген Влад Семенов
Енді құрылғының бағасын еске түсіріп көріңіз — және неліктен кей бәсекелестер мазасызданып жүргенін бірден түсінесіз.
Мұның бәрі – «Pro», «Max», «Ultra» деген атаусыз
Ең басты ерекшелік — HONOR 400-ді қолданғанда ешқандай шектеу сезбейсіз.
Суретті түсірген Влад Семенов
Қайта керісінше: «Басқалар не үшін екі есе төлейді екен?» деген ой келеді.
Өйткені бұл құрылғыдағы AI-функциялар қымбат флагмандар деңгейінде жұмыс істейді, ал сіз қолжетімді сегментте жүрсіз.
Бұл – флагмандық мүмкіндіктердің жеңілдетілген көшірмесі емес. Бұл – HONOR өзінің жоғарғы модельдерінен алған технологияларын күнделікті өмірге ыңғайлап, осы құрылғыға шынайы түрде енгізгенінің дәлелі. Артық опциялармен шаршатпайды, интерфейс қарапайым, түсінікті. Камера түсіреді, галерея ұсынады, AI көмектеседі.
Жасанды интеллект — жай ғана функция емес, ол смартфонның өзегі
HONOR – әлемде бірінші болып MagicOS 9 жүйесін енгізген бренд. Бұл — жасанды интеллект тек бұлтта емес, тікелей құрылғыда жұмыс істейтін жүйе. Яғни тек фото мен видео ғана емес, файлдарды реттеу, мәтіндермен жұмыс, батареяны үнемдеу — бәрі де AI арқылы автоматты түрде басқарылады. Сізге байқалмайды, бірақ сіздің әрекеттеріңізге әсер етеді.
Суретті түсірген Влад Семенов
HONOR-дың тағы бір бастамасы бар — Альфа жоспары. Бұл — әдемі маркетинг емес, нақты стратегия. Мақсаты – жасанды интеллектті тек техникалық элита үшін емес, барша адам үшін қолжетімді ету. Мейлі ол оқушы болсын, дизайнер, дәрігер, студент, ата-ана — бәріне нейрожүйелерді түсінікті, пайдалы, әрі күнделікті ету.
HONOR 400 — осы көзқарасты сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асырған алғашқы смартфон. Бұл жай ғана AI-мен жұмыс істейтін құрылғы емес — бұл құрылғының өзі жасанды интеллектпен жұмыс істейді.
Ал мұның бәрі — небәрі 369 000 теңгеге
Бұл ертегі сияқты естіледі. Бірақ ертегі емес. Бұл — қазір сатып алуға болатын смартфон. HONOR 400 дәлелдейді: технологияның бағамен өлшенетін уақыты артта қалды. Қазір адам брендке немесе атаққа емес, шын мәніндегі тәжірибеге ақша төлейді. Ал ол мұнда – бар.
Суретті түсірген Влад Семенов
Егер сіз бұрыннан бері жасанды интеллектті шынайы сезінгіңіз келіп жүрген болса, бірақ оған жарты миллион жұмсауға дайын болмаған болсаңыз – бұл сіздің сәтіңіз. Оның үстіне, экраны да әдемі.