Ақмола облысындағы қаржылық пирамидалар: фактілер, істер және үкімдер

1716
Фотосурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Соңғы үш жылда Ақмола облысында қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілеріне байланысты 10 қылмыстық іс тіркелген («Charoit», «Qnet», «Асар баспана», «Chai Tai», «S-Group», «Лайм Академия», «ChiaTai Tianging», «Buyers Union»), деп хабарлайды DKnews.kz.

Облыстың 9 тұрғынына қатысты әртүрлі қылмыстық жазалар тағайындалды.

Мысалы, Көкшетау қаласында «Qnet» қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін 26 жастағы А.Киргабакова және 24 жастағы Қасымхан 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Киргабакова «Instagram» парақшасын белсенді түрде жүргізіп, жаңа қатысушыларды тарту мақсатында сән-салтанатты өмір салтын – саяхаттар, қымбат көліктер мен үлкен табыстарды көрсеткен.

Ұйымдастырушылар желілік маркетинг схемаларын қолданып, өз қызметін Малайзиялық компания арқылы жасырып, азаматтарды «QVI tripsaver» атты жалған туристік карталар мен зергерлік бұйымдарды сатып алуға шақырып, жоғары табыс уәде еткен. Міндетті шарт – жаңа қатысушыларды тарту болған, себебі салымшыларға төлемдер тек жаңадан тартылған азаматтардың қаражаты есебінен жасалған.

Нәтижесінде, сотталғандар 39 адамды қаржы пирамидасына тартқан, келтірілген шығын 40 млн теңгені құрады.

Азаматтарды мұқият болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржылық ұйымдарға салмауға шақырамыз.

Сонымен қатар, Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша қаржы пирамидасын құру және басқару үшін мүлікті тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -