AI-Sana: Қазақстан жасанды интеллект арқылы цифрлық болашақты қалай құруда

1309
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «AI-Sana: инерциядан серпінге» ұранымен ауқымды іс-шара өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Игі бастама жасанды интеллектіні кеңінен насихаттауға және оны экономиканың түрлі салаларына енгізуді көздейді.

Талқылауға 150-ден астам қатысушы қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік органдар, бизнес пен азаматтық қоғам өкілдері, IT-кәсіпкерлер, сарапшылар, студенттер және жоғары сынып оқушылары бар.

Қазақстан ЖИ технологияларын дамыту және енгізу бойынша өңірдегі көшбасшы атанып отыр. Мемлекет цифрлық трансформацияға стратегиялық әрі кешенді көзқараспен қарап, Еуразиялық цифрлық хаб құруға ұмтылып келеді.

Іс-шараның модераторы — «Talap» қолданбалы зерттеулер орталығының бас экономисі Рахим Ошақбаев болды.

Талқылауға қатысқан Президент Кеңесшісі Қуанышбек Есекеев өзінің кіріспе сөзінде, Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту үшін барлық алғышарттар бар екенін және бұл бағытта белсенді қадамдар жасау қажеттігін атап өтті:

«ЦДИАӨМ бұл салада белсенді жұмыс істеп жатыр және көптеген жобаларды ұсынуда. AI-Sana – бұл тек технологияларды енгізу жолы ғана емес, сонымен бірге отандық әзірлеушілердің инновацияны қалай ілгерілетіп жатқанын көрсету мүмкіндігі. Бұл талқылаулар маңызды нәтижелер әкеледі деп сенемін»

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев Қазақстан тек жаһандық трендтерді бақылап қоймай, сонымен бірге технологиялық күн тәртібін өзі, жеке қалыптастыруы қажет екенін мәлімдеді:

«Бүгінгі іс-шара – қоғамның барлық топтарын қамтитын, AI-Sana бастамасын ілгерілетуге арналған маңызды оқиға. Осы орайда, мектеп оқушыларына арналған Tumo Education (12–18 жас), студенттер мен ересектерге — Tomorrow School бағдарламалары іске қосылады. Бұл бастамалар азаматтарға ЖИ саласындағы дағдыларды меңгеруге көмектеседі»

Министр сондай-ақ Alem.AI орталығының жұмысымен таныстырды. Онда кез келген тұрғын жасанды интеллект негіздерін оқи алады. Бұл жобалар цифрлық экономиканың инфрақұрылымын дамытуға және кадрларды даярлауға бағытталған.

Іс-шара барысында банк секторы, денсаулық сақтау және білім беру салаларында қолданылып жатқан ЖИ жобалары ұсынылды. Олардың қатарында, Haileybury Astana мектебінде жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізу жобасы да бар.

Талқылау барысында, технологиялық прогреске қарамастан, негізгі бастамашы және ЖИ жүйелерінің негізгі пайдаланушысы — адам болып қала беретініне баса мән берілді.
ЦДИАӨМ цифрлық экожүйені дамыту жолындағы бірқатар жұмыстарды жалғастыруда. Ол – мемлекет, бизнес, сарапшылар және азаматтардың арасында диалог орнатып, жасанды интеллектіні Қазақстанның күнделікті өмірі мен экономикасына сәтті енгізу мақсатында қолға алынуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -