Астанада Ақмола гарнизоны сержанттары арасында спорттық жарыс өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің базасында ұйымдастырылған жарыстарға аға және жоғары сержанттық құрамның өкілдерінен құралған командалар қатысты.
Бағдарламаның басты оқиғасы қатысушылардың дайындығы мен ұйымшылдығының жоғары деңгейін көрсеткен шағын футбол турнирі болды.
Футбол матчтарынан бөлек сержанттар белтемірге тартылып, арқан тартысты.
Шағын футболда Қарулы күштер Бас штабының Сержанттық құраммен жұмыс жөніндегі басқарма командасы ауыспалы кубоктың иегері атанды. Екінші орын 68665 әскери бөлімі сержанттарының еншісін. Ал Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының сержанттары үшінші орын иеленді.
Белтемірге тарту жарыстарында бірінші орынды 68665 әскери бөлімінің сержанттары, екінші орынды 44813 әскери бөлімінің сержанттары, үшінші орынды Қарулы күштер Бас штабы Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының әскери қызметшілері иеленді.
Қарулы күштер Бас штабы Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының сержанттары арқан тартыста жеңімпаз атанды. Екінші орынды Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының сержанттары иеленді. Ал әскери полиция өкілдері мен әскери теңізшілер үшінші орынды бөлісті.
Спорттық іс-шараға қатысушылар күш-жігерді, төзімділікті дамытуға және командалық рухты нығайтуға ықпал ететін жарыстарды ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.