Қарағанды облысында «Бір ауыл – бір өнім» өңірлік көрме-жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
50 қатысушы өз өнімдерін ұсынды. Бұл жай ғана тауарлар емес: бір жерде болашақ брендтердің қалыптасу тарихына шомуға болады. Басты шарт – жергілікті шикізатты пайдалану.
Көрменің мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау. Салалар бойынша ешқандай шектеу жоқ. Ассортименті әртүрлі болды: сүт және ет өнімдері, қолөнер бұйымдары, этностилдегі әшекейлер, керамика, сабын және т. б.
Кәсіпкерлер облыстың түрлі аудандарынан келді. Біреулер сатып алушыға алғаш рет жаңа тауармен шықты, біреулер табысты бекітті.
– «Бір ауыл – бір өнім» – жай ғана көрме емес. Бұл – қозғалыс. Өңірдің түкпір-түкпіріндегі адамдар оларға мүмкіндік пен қолдау көрсетілгенде қабілеттері қаншалықты жоғары екенін көрсетеді, – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нахипбеков.
Долинка ауылынан Алтынбек Аманжолұлы табиғи және гипоаллергенді материалдардан ортопедиялық матрастар шығарумен айналысады.
– Матрацтар кокос койрасынан, латекстен, термо шүберектен және юеке-дара серіппелі блоктардан жасалады. Алдағы уақытта ортопедиялық жастықтар желісін және онлайн-тапсырыстар үшін платформаны іске қосуды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құра отырып, өндірісті кеңейтпекшіміз, – деп бөлісті кәсіпкер.
Шет ауданында «Сыр өнімдері» бренді кеңінен танымал. Бизнесвумен Жанар Қаңтарбаева үшінші жыл қатарынан табиғи сүттен түрлі ірімшік шығарады: моцарелла, халуми, чечел, фета және т. б.
Оның айтуынша, жергілікті тұрғындар арасында өнім сұранысқа ие: күн сайын 15 кг дейін сатады. Кәсіпкер толыққанды цех ашып, ірі қалалардың нарығына шыққысы келеді.
Осакаров ауданының тұрғыня Татьяна Барковская көп жылдан бері сүт өңдеу саласында жұмыс істейді. Сүт сатып алып, зауыттарға жеткізумен айналысты, ал өткен жылы қайта өңдеуді бастады: ірімшік, сары май, пастерленген сүт өндіреді.
ALAQAI брендін Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылының компаниясы ілгерілетуде. Көрмеге ет пен сүзбеден жасалған табиғи жартылай фабрикаттар: манты, қайнақша, самса, фрикаделькалар және т. б. қойылды.
Қарағандылық Лаура Жаңабаева табиғи тұнбалар мен майлар қосып, қолдан жасалған сабын өндіреді.
Любовь Величко бейнелерді жасау үшін табиғи материалдарды: құрғақ гүлдер, көмір, металл қоспалары мен пигменттерді пайдалана отырып, эпоксидті шайырдан әшекейлер мен суреттер жасайды.
Жұмыс тобының мүшелері барлық ұсынылған тауарларды зерттеп, қатысушылармен әңгімелесті. Әрқайсысы өз балдарын бағалау парағына қойды. Нәтижесінде жергілікті шикізаттан жасалған 10 тауар анықталды. Алдағы уақытта бренд-комитет үш жеңімпазды анықтайды. Финалға шыққандар облыс намысын республикалық деңгейде қорғайтын болады.
Жаңа бастаған кәсіпкерлерге өнімді брендтеуге және нарыққа шығаруға көмектеседі. Өндірістік технологиялар, маркетинг бойынша тегін оқыту ұйымдастырылатын болады.