Қазақстанда оқушылардың білімін бағалаудың жаңа тәсілі енгізіледі

1309
Фотосурет: Аstana akimdigi

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің даму жоспарына білім беру сапасын арттыруға арналған жаңа нысаналы индикаторлар енгізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.


 
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің даму жоспарына орта білім беру сапасын арттыруға бағытталған жаңа нысаналы индикаторлар қосылды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілді. 

Ақпан айында орта білім беруді дамытуға және сапасын арттыруға  бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата Оқу-ағарту министрлігіне білім беру саласындағы мемлекеттік жоспарлау құжаттарының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жұмысын күшейтуді тапсырды. 

Мемлекет басшысының Жарлығына және ҚР-ның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына сәйкес басты басымдықтардың бірі оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру болып табылады. Нәтижелерді бағалау үшін негізгі ұлттық индикатор – PISA халықаралық тестілеу бойынша оқушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық деңгейі көзделген. 

Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасын орындау үшін Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен аталған индикатор ведомствоның 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына енгізіліп, өңірлік атқарушы органдардың даму жоспарларына декомпозицияланды.

Сонымен қатар функционалдық сауаттылықтың шекті деңгейін еңсерген оқушылардың үлесін қадағалау бойынша индикатор көзделген. Ол білім беру стандарттарын арттыруға және республика бойынша сапалы орта білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Қосымша шаралар Үкіметтің биыл 25 сәуірдегі қаулысында бекітіліп, Білім беруді дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді. Жаңашылдықтардың қатарында «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» озық тәжірибесін тарату және тірек мектептерді дамыту, сондай-ақ педагогтердің кәсіби өсу жүйесін күшейту бар.

Қабылданған шаралар білім беру саясатының басым мақсаттарына қол жеткізу жұмысын күшейтуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша басқа да тапсырмалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -