Қазақстандық оқушылар «Достастық балалары» форумына қатысу үшін Беларусь еліне аттанды

1452
Фотосурет: Абай облысының Білім басқармасы

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда елімізді таныстырады, деп хабарлайды DKnews.kz.

7–16 шілде аралығында Беларусь Республикасының Минск облысындағы «Зубренок» ұлттық балалар білім беру-сауықтыру орталығында «Достастықтың Балалары» ХХ халықаралық мәдени-танымдық форум өтуде. Бұл форумға Абай облысынан дарынды оқушылар қатысады.

Форум – достастық елдерінің жастары бас қосатын маңызды алаң. Мұнда қатысушылар түрлі елдердің мәдениетімен танысып, шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, халықаралық достықты нығайтуға мүмкіндік алады. 

Қазақстан атынан форумға Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері қатысып отыр. 

Абай облысы атынан іріктелген оқушылар – оқу үздіктері, дебат қозғалысының белсенді мүшелері, мектеп көшбасшылары:

  • Еділ Төкенов – Семей қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы
  • Ахмади Бергенов – Семей қаласы, №40 жалпы орта мектебі
  • Шұғыла Тілеухан – Жарма ауданы, Маяковский атындағы мектеп
  • Ислам Ахметбай – Аягөз ауданы Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектеп
  • София Бекетова – Бородулиха ауданы, Николай Островский атындағы мектеп 

Оқушыларға жетекшілік етіп Бородулиха ауданы Н. Островский атындағы мектептің география пәні мұғалімі Саят Бодомбаев барды.

Форум бағдарламасында мәдени күндер, зияткерлік және шығармашылық шеберлік сабақтары, тарихи экскурсиялар мен ашық пікірталас алаңдары жоспарланған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -